Білім және ғылым министрлігі ҰБТ тапсыру кезіндегі кез-келген заң бұзушылықтарды, оның ішінде жақсы нәтижелер алу үшін үшінші тұлғалардың қызмет көрсетуін болдырмау мақсатында нақты қадамдар қабылдап отыр.
– Біз барлық түлектер мен ата-аналардан мұндай жағдайларда бей-жай қарап қалмауды сұраймыз. Егерде Сіздерге «дұрыс жауаптар кодын» сатып алуды ұсынса, тестілеу кезінде көшіріп алудың куәгері болсаңыз немесе тестілеу кезінде бөтен адамдардың жүргенін байқасаңыз, +7 (7172) 69-50-87 телефонына дереу хабарласуды немесе @edu.gov.kz bot Telegram-ботына хат жазуды сұраймыз. Өз тарапымыздан біз ақпараттың конфиденциалды болуына кепілдік береміз, – деп жазылған ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында.
Туындаған сұрақтарды жедел қарастыру үшін, сонымен қатар тестілеудің обьективтілігі мен шынайылығын күшейту мақсатында 8-800-080-7177 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.
Баспасөз қызметі