Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Украинадан келген профессор Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде дәріс оқымақ

ШҚМУ-ға дәріс оқу үшін Т. Шевченко атындағы Киев ұлттық университетінің (Украина) әлемге әйгілі профессоры Юрий Крак келді.

Шетелдік ғалымды С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген қабылдады. Кездесуге Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы Д. Ерболатұлы, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Ж.З. Жантасова және аға оқытушысы А.С.Тілебалдинова қатысты.

Кездесуде магистранттар мен докторанттардың тағлымдамаларын ұйымдастыру, студенттік және оқытушылық ұшқырлық, «Ғылыми-зерттеушілік, білім және мәдени ынтымақтастық туралы» ЖОО-лар арасындағы келісім аясында бірлескен жобаларды әзірлеу мәселелері талқыланды.

Юрий Васильевич Крак – көптеген ғылыми жобалардың жетекшісі. Оның айналысатын саласы: робототехника, модельдеу, виртуалды кеңістіктер әзірлеу, компьютерлік графика, жасанды интеллект, украин тілін тану және синтездеу, ым тілін модельдеу. Бұл бағыттардың бәрі де еліміз үшін аса маңызды.

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті

Қазақ
× You found a Typo