Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Украиналық профессор ШҚМУ студенттерімен, магистранттарымен және оқытушыларымен кездесті

Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен бірлескен ғылыми зерттеулер бағыттары талқыланды.

Киев қаласы Т.Шевченко атындағы ұлттық университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Юрий Васильевич Крактың университетке келуі шеңберінде компьютерлік ғылымдардың өзекті бөлімдері бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында дәріс оқуға арналған кездесу ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел бағдарламасы қонақты тек кафедра студенттерінің, магистранттардың, сонымен қатар, оқытушылардың әзірлемелерімен таныстырып ғана қоймай, атақты ғалымның инклюзивті білім беру, роботты техника, бейнелерді тану бойынша болашағы зор зерттеулері туралы мәлімет алуға мүмкіндік берді.

Бірлесіп жұмысты ара қарай жалғастыру жоспарында әлі де бірлесіп мақалалар шығару,  жобалар байқауына құжаттарды даярлау, IT бағытындағы білім беру бағдарламаларының элективті пәндер каталогына ғалым ұсынып отырған болашақ элективті курстарға арналған әдістемелік нұсқаулықтарды жасау жұмыстары жоспарланды.

Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo