С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Үлбі» мекемесінің әлеуметтік еңбеккерлері егде адамдармен жұмыс жүргізудің теориясы мен технологияларын үйренді.
«Үлбі» мекемесінің әлеуметтік еңбеккерлеріне арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды. Тыңдаушылар егде адамдармен, мүгедектермен жұмыс жүргізудің теориясы мен технологияларын меңгерді.
Қатысушылардың айтуынша, курстар жоғары деңгейде өтті, теориялық білім қарияларға қызмет көрсету кезінде жиі туындайтын түрлі әлеуметтік жағдайларға талдау барысында бекітіліп отырды.
Баспасөз қызметі