- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде «Уәлиев оқулары-2018» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының №3 секциясы өтті.
ШҚМУ Физика және технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен «Заманауи ғылым және білімнің дамуындағы тенденциялар» атты «Уәлиев оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының №3 секциясы өтті.
Физика және технологиялар кафедрасы бойынша 22 мақала басылымға беріліп, факультетте 11 ғылыми мақала қорғалды. Кафедра студенттері мен магистранттары, жас ғалымдары конференцияға белсене қатысып, өз зерттеу жұмыстарының нәтижесін көрсетті.
Кафедра меңгерушісі Гүлсім Бектасова, аға оқытушылары Галина Смолина, Евгения Шевчук, профессор Риза Әбілқалықова конференцияға төрағалық етіп, ғылыми мақалалардың қорғалуы барысында сұрақтар қойды, мақалалардың кемшіліктері мен артықшылықтарын атады. Қорытындысында 1 орынды 2 курс магистранты Меруерт Мәулет, 2 орынды 2 курс студенті Д. Сапрыкин, 3 орынды В. Тружников пен Д. Байжан иеленді. Басқа студенттер белсене қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Қазылар алқасы шараны ұйымдастырған кафедраның ғылыми жұмыстарға жауапты оқытушысы Парасат Зұлқаршынды факультет деканының алғыс хатымен марапаттады.
Физика және технологиялар кафедрасы