Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Уәлиев олимпиадасында» ШҚМУ студенттері ауыспалы кубокқа ие болды

ШҚМУ-дың ЖҒжТФ-де химия кафедрасы және Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ Жер ғылымдары факультеті бірлесе отырып, Өскемен педагогикалық институтының тұңғыш ректоры, профессор Жұмаш Уәлиевтің 95 жылдығына арналған университетаралық студенттер олимпиадасын өткізді.

Олимпиадаға қатысуға өтініш білдірген 97 студенттің жартысынан астамы химия ғылымынан білімдерін сынауға Ж. Уәлиев атындағы аудиторияда сайысқа түсті. Олимпиада екі турдан өтті. I тур – теориялық (тақырыбы: «Тұздар»), II тур – тәжірибелік (тақырыбы: «Сапалық талдау»).

Олимпиаданың ашылуына қатысқан ШҚМУ тәрбие жұмысы бойынша проректоры Ирина Ровнякова, Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы Досым Ерболатұлы, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ Жер ғылымдары факультеті Химия және пайдалы қазбаларды байыту кафедрасының меңгерушісі Меруерт Әділханова, Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті химия кафедрасының меңгерушісі Бақыт Шаихова, химия кафедрасының профессоры Роза Әубәкірова Жұмаш Кәрімұлының еңбек және өмір жолы туралы жылы лебіздерін білдірді.

І тур нәтижесі бойынша 12 студент ІІ турға жолдама алды. Олардың арасында 3 студент техникалық университеттен, 9 студент химия кафедрасынан.

І тур бойынша жоғары нәтиже көрсеткен Химия мамандығының 3 курс студенті Қабиева Әйгерім «Үздік теоретик» номинациясында, ІІ тур бойынша жоғары балл жинаған Химия мамандығының 2 курс студенті Рысбекова Перизат «Үздік парактик» номинациясында жеңімпаз атанды.

Қазылар алқасының шешімімен Химия мамандығының 1 курс студенті Төлеуханова Арайлым, 2 курс студенттері Асқарова Мөлдір және Есімжомартова Жауқазын үшінші орынға, Химия мамандығының 2 курс студенті Ахмергенова Айдана мен 3 курс студенті Қабиева Әйгерім екінші орынға, Химия мамандығының 2 курс студенті Рысбекова Перизат бірінші орынға ие болды.

Жалпыкомандалық көрсеткіш бойынша ауыспалы кубок ШҚМУ химия кафедрасының командасына тапсырылды. Олимпиадаға қатысушы барлық студенттерге сертификаттар мен арнайы жасалған блокноттар тапсырылды.

Сән Оразова,

химия кафедрасының аға оқытушысы

Қазақ
× You found a Typo