Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Ұлы Тұлғамен – жарқын болашаққа» атты мерекелік іс-шара өтті

Желтоқсан айының 5-ші жұлдызында ШҚМУ «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күніне орай «Ұлы Тұлғамен – жарқын болашаққа» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Керемет кеш аясында студенттер ән, күй, айтыс, көрініс, баяндама және көшбасшымызға арнау өлеңдерін оқыды. Көрермендердің көмегімен ойын ойнатылды. Ойын барысында «Сіздің үлгі тұтатын ұлы тұлғаңыз кім?» деген сұраққа студент-жастар жауап бере отырып, Елбасымызға жылы лебіздерін білдірді.

Кеш соңында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Жас Отан» ЖҚ-ның төрағасы Қайыржан Басбақбаев мерекелік іс-шараны қорытындылап, студенттерге алдағы уақытта да осындай мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды қадірлеуге бағытталған шараларды жиі өткізіп тұруды ұсынды.

Біз де өз тарапымыздан барша қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, еліміздің гүлденуі үшін еңбек етеміз дегіміз келеді.

Кайыржан Джексон

Қазақ
× You found a Typo