Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ұлы Витаутас атындағы университеттің (Литва) делегациясы ШҚМУ-ға іскерлік сапармен келді

Екі ЖОО өкілдерінің кездесуі С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Ұлы Витаутас атындағы университет арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастыққа арналды.

ШҚМУ ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген  ЖОО туралы айтып берді. Оның айтуынша, Витаутас атындағы университетпен кездесу болып, ынтымақтастық бағыттары пысықталған, ал осы жолғы жүздесуде әріптестік барынша тиянақты қаралмақ. 

Академиялық ұтқырлық және қосдипломды білім бойынша серіктестік қарастырылды.

-Бізде 100-ден астам шетелдік студент оқиды, – деді ол.

Жаратылыстану ғылымы факультетінің деканы Саулус Мицкевичус өз ЖОО-лары туралы айтты, Витаутас университетінің 10 мың студенті, 11 факультеті бар. Ағылшынтілді топтарда қазақстандық студенттер оқиды.

Проректор А.Б. Мырзағалиева білім беру бағдарламалары, мамандықтар туралы айтып берді.

– Бізге серіктестік орнататын ортақ бағыттар көп, – деді  А.Б. Мырзағалиева.

ЖҒжТФ деканының м.а.С. Айтқожина және экология және география кафедрасы меңгерушісіңі м.а. К. Дәкиева білім бағдарламалары туралы жіті айтып берді

Саулус Мицкевичус өз факультеттерінде Шығыс Еуропадағы ең ірі емдік шөптері бар ботаникалық баққа ие екенін айтып берді.

Кездесуге Витаутас университеті халықаралық ынтымақтастық департаментінің өкілі Елена Плотникова қатысты.

Делегация өкілдері зертханаларды аралап, студенттермен жолықты.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo