Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ұлы Жеңіске - 75 жыл: Ардагер ұстазымызға тағзым етеміз

Университетіміздің құрметті ректоры, ғалым, профессор Жұмаш Кәрімұлы 1923 жылдың 30 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданының (бұрынғы Таврия ауданы) Қарақұдық елді мекенінде дүниеге келді. Оның мектепалды және мектеп жылдары Лениногор (Риддер) қаласында өтті.

1942 жылы орта мектепті тәмамдағаны туралы куәлікті иеленгеннен кейін, он тоғыз жасында ол бұйрық бойынша Ленинград авиатехникалық мектебіне жолданды. Оны бітіргеннен кейін «сержант» әскери атағын және авиамеханик мамандығын алды. Қызметін әрі қарай жалғастыру үшін Мәскеу түбіндегі Люберцы қаласындағы Мәскеудің Бірінші әскери жойғыш авиаполкіне жіберілді. 1948 жылы әскери борышын адал атқарған Жұмаш Кәрімұлы туған еліне аман-есен оралады. Өзінің естелігі бойынша сұрапыл соғыс көп нәрсеге көзін ашты, ой салды, өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға үлкен себеп болды. Өкінішке қарай, көптеген құрбы-құрдастары қан майданда қаза тапты.

Сол бір сұрапыл жылдардан кейін Жұмаш Кәрімұлы бейбіт еңбекке ұмтылды. Ол еңбек ұстаздық еді. Ал, ұстаз болу үшін сөзсіз, шексіз білім қажет еді. Осы арманмен Мәскеу қаласының Н. Крупская атындағы облыстық педагогикалық институтына «химия» мамандығына еркін сабаққа қатысу құқығы бойынша оқуға түсті. Оқуын әскери борышын өтегеннен кейін ғана, Семей педагогикалық институтында бітіруге тура келді. Сол жылы Зырян қаласына орта мектеп директоры болып, 1951 жылы ҚазКСР ғылым академиясы химия институтының аспирантурасына түсті. Техникалық ғылымдардың кандидаты ғылыми дәрежесін алуға дайындаған Қазақстанның табиғи ресурстарын қолдану аясын кеңейту мәселелеріне арналған диссертациясын академик А. Бектұровтың жетекшілігімен 1955 жылы сәтті қорғағаннан соң, 1960 жылы ҚазКСР білім министірлігі бұйрығымен Ж. Уәлиев Өскемен педагогикалық институтының директоры, қайта аттестациялаудан кейін Өскемен педагогикалық институтының – ӨПИ ректоры болып тағайындалады. Осы жылдардан бастап оның өмірі мен қызметінде де, институт тарихында да жаңа кезең басталады. Аталмыш оқу орнын ширек ғасыр басқарған уақытта оның басшылығымен жоғары оқу орны КСРО педагогикалық институттары ішінде жетекші иституттардың біріне айналды. Ректорлық қызметтің ең бір үлкен жетістігі – ол педагогикалық ұжымға кемеліне жеткен зерттеуші бола келіп, оның ғылыми дамуына дұрыс бағыт таңдап алуында еді.

Жұмаш Кәрімұлының ректорлық қызметін атқару барысында екі оқу ғимараты, 2900 орынға арналған төрт студенттік жатақхана, профессорлық-оқытушылар құрамына арналған 105 пәтерлік тұрғын үй, асханалар, студенттік профилакторий, агробиостанция, жүзу бассейні және т.б. салынды. 1982 жылы Кеңес елдері бойынша 262 жоғары оқу орны арасында ғылыми жобаларды жақсы дамытқаны үшін 1-орынды жеңіп алып, ауыспалы «Қызыл туға» ие болды, ең үздік 10 жоғары оқу орны қатарына қосылды. Оқытушыардың профессорлық құрамының сапасы артты. 1963 жылы ғылыми дәрежесі бар небәрі 13 оқытушы болса, 1984 жылы олардың саны 114-ке жетті.

Ж. Уәлиевтің мынадай оқиға айтқаны есімізге түседі. Бір кезде ол ҚазКСР жоғары, орта және арнайы орта білімі министрінің қабылдауына барғанда, қандай да бір жоғары оқу орнының жатақхана салуға және қаражатқа құжаттың дайындалмағанын және оған министрліктен бөлінген ақшаның игерілмей қалғанын естиді. Сол кезде Жұмаш Кәрімұлы өзінің портфелінен жобалық-сметалық құжатты алып, ұсынғанда, шенеунік керемет таң қалыпты. Сөйтіп, керек болып қалар деген оймен өзімен бірге алып жүрген құжаттарының арқасында ӨПИ қызметкерлері мен оқытушылары үшін 9 қабатты жатақхана бой көтерген еді.

Ж. Уәлиевтің ұстаздық қызметі химиялық технологиялар саласындағы ғылыми жұмысымен үнемі тығыз байланыста болды. Өзінің басшылық қызметтен қол босамауына, уақытының тығыздығына қарамастан, «Химиялық технология» пәні бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде дәрістер оқып, зертханалық жұмыстар жүргізді, сондықтан болар ол студенттердің проблемаларын ең бірінші болып білетін. «Құдай жаратқан дәріскер» дегендей, ол өзінің іс-тәжірибесінен өте қызықты сабақтар өткізетін, ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерінен әрқашан да хабардар болатын, сондай-ақ маңызды журналдар мен жаңа кітаптарға да үңілуге уақыт табатын.

Жұмаш Кәрімұлы жоғары оқу орындарының кадрларын даярлауда үлкен еңбек сіңірді, себебі ол шеттен мамандарды тарту арқылы кадрлар саясатын шешуге болмайтынын анық түсінген еді. Оның жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмыстарына түрлі мамандық бойынша дарынды студенттер тартылды. Олардың басым көпшілігі ғылым кандидаттары және докторлары дәрежесіне ие болды, осылайша кадрлар мәселесі тек ӨПИ-ШҚМУ-да ғана емес, көптеген басқа да мемлекеттік жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу институттары, қалалық, аймақтық және республикалық әкімшілік мекемелерінде шешілді.

Ректордың командасында кездейсоқ адамдар болмаған: кадрларды іріктеуде олардың кәсіби құзіреттілігі, ұйымдастырушылық қабілеті және адами қасиеттері ескерілетін. Ж. Уәлиевтің басқару кезеңінде 13 мамандық бойынша диплом иеленген маман-мұғалімдердің саны – 18 мың, оның ішінде 17 мың дипломды ректор өз қолымен табыс еткен. КСРО және ҚазКСР үкіметі жоо-ның еңбегін жоғары бағалап, оны бірінші санатқа ауыстырды.

1984 жылы, 24 жыл ректор қызметін атқарғаннан кейін Ю. Уәлиев бейорганикалық химия және химиялық технология кафедрасының меңгерушісі қызметіне ауысты. Кафедра меңгерушісі кезінде белсенді жұмыс істеп, оқу үрдісіне, атап айтқанда «Химия және жаратылыстану» мамандығы бойынша тәжірибелік оқу жоспарларын енгізді (мамандық бойынша түлектер арасында: кафедра қызметкерлері т.ғ.к. Қабдрахманова С.К., жаратылыстану ғылымдарының магистрі Оразова С.С., химия магистрі Әбілмәжінова Г.А., басқа ЖОО х.ғ.к. Жаманбаева М.К., т.ғ.к. Идрышева Ж.К., т.ғ.к. Ғазизов А.Д., х.ғ.к. Жұртпаева А.А., «Шаңырақ» мектеп лицейінің директоры Алханова З.А. және басқалар еңбек етуде). Уәлиевтің ғылыми қызығушылығы іргелі ғылымның маңызды бағытымен байланысты, кристаллогидраттардың өзара айналысының процесі, ал қолданбалы тұрғыда Қаратау фосфаты шикізатын пайдалану болатын. Зерттеудің аталмыш бағыты кристаллогидраттардың алуан түрлілігімен, орасан зор санымен және олардың өзара айналысымен байланысты процестердің кең аспектілерінен тұратын зерттеулер. Зерттеулердің нәтижелері екі монографияда баяндалған. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауда ол кафедраның жетекші оқытушыларын, аспиранттарын, студенттерін тартты. 1991 жылы КСРО ЖОО министрлігі оған жарияланған жұмыстардың жиынтығы бойынша докторлық диссертацияны қорғаусыз «химия профессоры» ғылыми атағын берді.

Ана тіліне жетік Жұмаш Кәрімұлының қазақ тілінде жазған оқулықтары химия пәнін оқитын қазақ студенттеріне, сондай-ақ ұлттық мектеп мұғалімдеріне зор көмек болды. Әр жылдары ғалым қаламынан барлығы алты монография, оның үшеуі – Қаратау фосфориттерінен суперфосфат алуға арналған, жүздеген ғылыми мақалалар мен тұжырымдар жарық көрді.

Профессор Ж. Уәлиевтің ғылым мен халыққа білім беру жүйесіне қосқан жеке үлесі үшін «Қазан төңкерісі», «Құрмет белгісі» ордендерімен, оннан аса медальмен марапатталды. Ол «Қазақстан жоғары мектебінің құрметті қызметкері» атағына ие болды.

1993 жылы ШҚМУ Ғылыми кеңесінің шешімімен ҚР ҒА академигі Е. Мәмбетқазиевтің төрағалығымен Ж. Уәлиевке «Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры» атағы берілді, ал алты жылдан соң ол Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті ректоры лауазымына бірауыздан ұсынылды.

Жұмаш Кәрімұлын ғылым жолындағы Дон-Кихот десе де болады, ол өмірінің соңғы күніне дейін химия кафедрасында профессорлық қызметте болып, студенттердің диплом жұмыстарына жетекшілік жасады. Ол әрқашан өзінен жасы кіші әріптестерінің, студенттер мен магистранттардың арасында құрметке бөленіп жүрді. Жастармен араласуы оның бойында кең пейілді, мейірімді жүрегіне жылы сезімін ұялататын. Қазір де ғылым саласында қызмет етіп жүрген З.М. Лутфуллина, С.К. Қабдрахманова, Ж.А. Ибатаев сынды ғылым кандидаттары-шәкірттерін тәрбиелеп шығарды.

Өмірден қайтар алдында Жұмаш Кәрімұлы «С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің энциклопедиясы» басылымын дайындауға басшылық жасады. Бұл іргелі еңбектің жарық көруі Жұмаш Кәрімұлы үшін тұтас ұжымның ғана емес, әр адамның алдында абыройлықты, кәсіби парыздылықты, аса жауапкерлікті талап етті.

Жұмаш Кәрімұлына әрдайым демеу болған жары – Әсия Нұрғоянқызы Богданова 1947 жылы Мәскеудегі  жер құрылысы институтын геодезия және картография мамандығы бойынша бітіріп, ҚазКСР ауыл шаруашылық министрлігінде қызмет атқарды. Кейін Өскемен педагогикалық институтында 30 жыл қызмет атқарған, ең алғаш рет Шығыс Қазақстанның физикалық картасын жасаған білікті маман еді.

Жұмаш Кәрімұлы үш баланың аяулы әкесі, ұрпақтарына қадірлі ата болды. Үлкен қызы  Софья – Алматы медициналық институтын бітірген жоғары дәрежелі дәрігер, кенже қызы  Розалия – ғылым кандиаты, Қазақстан Республикасы география институтының қызметкері. Әке жолын жалғап келе жатқан ұлы – Тимур Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, химия ғылымдарының кандидаты, «Хим-плюс» технологиялық даму департаментінің директоры.

Қазіргі заманда болып жатқан өзгерістерге қарамастан, Жұмаш Кәрімұлы сияқты адамдар рухани бағдарын жоғалтпаған, халқымыздың имандылық құндылығының, ар-ұждан тазалығының өлшемі ретінде сақталады. Ол – бар ғұмырын парасаттылық, қайырымдылық, мәңгілік жолында сарп еткен, ары таза азамат. «Білім – менің ойымша, ең алдымен мәдениеттіліктің шыңы, бүгін біз оған әлі де болса қол жеткізе алмай отырмыз... Бұл нәресте кезден рухани, этикалық және имандылық нормаларының басқа адамға деген сүйіспеншілігі, мейірімділігі, ар тазалығы. Өкінішке қарай, жалпы мәдениеттің төмендігі қазіргі білім және тәрбие беру жүйесінде жастарды ерікті де еріксіз белгілі мынадай сұлбаға негіздеп тәрбиелейді: «Барымызды сақтамаймыз, жоғалтқанда жылаймыз».

Ұстаз – ұлы есім. «Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты» демекші ұлағатты ұстаздан тәлім-тәрбие, білікті білім, өмірлік өнеге алып, ұстаз шеберлігіне қызыға қарап, өмірлік бағдар аламыз. Халқымыз әрқашан ұстаз мәртебесін жоғары қойып, қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқан ұлы Абай.

Сол ұстаздарымыздың бірі ғана емес, бірегейі Жұмаш Кәрімұлы болатын. Ол қоғамдағы орны бөлек, азаматтық борышына адал, ұстаздық қызметін асқан жауапкершілікпен сезінген, өзі зерттеген ғылым салаларына «инемен құдық қазғандай» қызмет еткен, шәкірттерінің зерттеулеріне сыни, шынайы, ұстаздық тілектес ниетпен қарайтын зерделі де зерек, ғибраты мол, биік тұлғалы ғалым болатын. Жұмаш Кәрімұлының бар ғұмыры Өскемен педагогикалық институтымен және Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетімен тығыз байланысты болды. Ол тек біздің білім ошағымызда ғана емес, бүкіл республикамыздың білім саласында өшпес із қалдырды.

Жұмаш Кәрімұлының жарқын бейнесі, оның асыл адами қасиеті, оның жастарды тәрбиелеуді таңдап алған ісіне адал қызметі біздің барлығымызға – баға жетпес үлгі. Өмірден озғандарды қайтарып ала алмаймыз, бірақ біздің оларды есімізде мәңгі сақтау – қолымыздан келетін іс екені анық.

Өзі негізін қалаған, жасампаз Қазақстанның келешегіне кемел білім берер Шығыстағы таңдаулы оқу орнында оның есімі ешқашан ұмытылмайы және заман талабымен жаңғырып отыратын «Ұлы есім» ретінде әрқайсымыздың жадымызда қала бермек.

Химия кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo