Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ұлы Жеңіске – 75 жыл: «Асқар атам болды менің майдангер...»

Ұрпақ мәңгі ұмытпас тірлігіңді,

Тарихта есте қалған ерлігіңді.

Туады ерлер ел үшін,

Өлмейді ісі мәңгілік.

Өшпейді абзал есімдер

Ұрпаққа жетіп мәңгілік, – деп ақын атамыз Жұбан Молдағалиев айтқандай, батыр ағаларымыз бен апаларымыздың есімдері, ерліктері жас ұрпақтың санасында мәңгілік қалады. Ата-бабаларымыздың ерлігі, ата-бабамыз дегенде ойымызға бірден елін, жерін қорғаған батырлар, елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап шерткен ақындар,елді елдікпен билеген билер, жыршы-жыраулар түсетіні сөзсіз-ақ.

Біздің мынау ұлан-ғайыр даламызға көз тіккен адамдар қаншама...

Солардан қорғаған да ата-бабаларымыз. Аттың жалында, атанның қомында жүріп, біздің қазақ даламызды шұрайлы да көрікті қалпында келесі ұрпаққа аманат еткен де ата-бабаларымыз болатын.

Найзаның ұшымен, білектің күшімен, білек сыбана, тәуекелге бел буған ержүректі батыр бабаларымызды ешуақытта ұмытпақ емеспіз. Әкелер мен ағалар қолдарына қару алып, Отанды қорғауға аттанды.

От-жалынға оранған майдан даласында олар қас дұшпанмен шайқасып, қан төкті. Туған жері, туған халқы, туған үйі қаhарман ұлдарына тылдағы жігерімен, күш-қайратымен дем берді.

Завод станогінің жанында, егістік пен қырманда, мал фермасында, тіпті шахта мен кеніште де Жеңістің ұлы сәтін жақындата түскен қызу да қатал майдан жүріп жатты.

Бұл майданның жауынгерлері аталар мен әжелер, аналар мен балалар еді. Бұл майданның жауынгерлері мылтық орнына қолдарына қайла мен күрек ұстады. Тыл майданы Ерлік атты рухты өздерінің өжет істерімен биікке көтерді. Отты майдан күркірінен ешбір тайсалмай өз Отандарын қорғау үшін қаншама жас майданға аттанып, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеді. Олар қиын сында жас шыбықтай майыспады, қайта қайраттанып, буынын қатайтты.

Өмірі жас азаматқа қиын сынын ұсынды. Осындай қиын сұрапыл соғыс жылдарында ел басына қауіп-қатер төнгенде біздің Тұғыл ауылының балық заводында жұмыс істеп жүрген өрімдей жас балықшы, Усабаев Асқар Ахмадиұлы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ескі Тұғыл ауылында дүниеге 1923 жылы келді.

Усабаев Асқар соғыс басталғанда өз жасына екі жылды артық жасырын қосып алып, майданға аттанған. Майданға кіре салысымен қатардағы жауынгер пулеметшіге көмекшілікті жақсы игеріп, Ленинград, Калининград ұрыстарына қатысып, 1942 жылы екі рет ауыр жараланды. Қыркүйек айының бірінде барлауға шыққан майдангер кеудесіне оқ тиіп, Днепропетровскідегі госпитальда емделіп шыққанымен де ұрыс алаңынан қол үзбеді. 1943 жылдың наурыз айында Калининград қаласындағы сұрапыл соғыста оның тағы да басы мен бір қол, бір аяғына үлкен жарақат түсірді. Ұлы Отан соғысының қан төгіс шайқастарын басынан өткізіп, Ұлы Отан соғысының II топ мүгедегі болған ардагер туған жеріне 1944 жылы келіп, еңбектен қол үзбей, қаншама жыл қажырлы еңбегін Зайсан балық заводында жалғастырды.

Отан алдындағы көрсеткен ерлігі үшін I, II дәрежелі орденімен, қаншама кеуде толар медальдары, ардагер атаның сыйға алған «Таврия» автокөлігі оның ерен ерлігі мен ауыр жылдардағы өз Отанына шын берілген отансүйгіш қасиетінің бірі. Қанқұйлы фашизмді талқандап, туған елге оралған атамызды халық құрмет тұтып, үнемі ардақтап өтті. Біз, ұрпағы, оның ерлігі мен еңбегін ешуақытта ұмытпаймыз, өзімізге үлкен сабақ, үлгі-өнеге деп білеміз. Атамыздың ерлігі біздің тарихымызға өшпес із қалдырды. Жылдар өтер, ғасыр өтер, бірақ бейбітшілік пен әділеттілік үшін жасаған ерлік шежіресі ешқашан ұмытылмақ емес. Бүгінде арамызда жоқ болса да, басқа жандарға бейбітшілік сыйлаған атамыздың рухына басымызды иіп, сағына еске аламыз. Қазіргі мына өмірден шет қалмай, мүмкіндігімізше халықтың достығы мен рухани бірігуіне өз үлесімізді қоса беретінімізге сенімдіміз.

Асқар атам болды менің майдангер,

Ерлігі оның, аты да аңыз бүгінде.

Шығып ауыл атынан,

Қаhарман батыр атамыз.

Қаhарман жылдар күнінде,

Біздер үшін, ұрпақ үшін от кешкен,

Ата-бабалар ерлігін,

Шығармаймыз біз естен. 

Әлішер Талғатов.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Психология» мамандығының
4-курс студенті

Қазақ
× You found a Typo