Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ұлы Жеңіске – 75 жыл: Отбасымызда атамыз Н.Кездікбаевтың әскери билеті сақтаулы

Атамыз Нұрғали Кездікбаев 1912 жылы (шамамен қараша айының 11 жұлдызында) Тарбағатай ауданы, Арғанаты тауындағы қыстақта дүниеге келген. 1941 жылдың соңғы айларында Ұлы Отан соғысына Тарбағатай әскери комитетінен шақырылып, 914-ші атқыштар полкіне тіркеледі.

Калинин жеріндегі соғысқа қатысады. Сталинград майданында снаряд жарықшағынан жарақаттанып, екінші топтағы мүгедек болып елге оралады.

1955 жылы жылқышы, соңынан шопандыққа ойысып, Қарасу кеңшарында, кейіннен Тарбағатай кеңшарының Жалаңаш фермасында абыройлы шопан болған. 1972 жылы зейнетке шығып, 2002 жылдың ақпан айында тоқсанға келген шағында өмірден өткен.

Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі орденімен, сонымен қатар түрлі медальдармен марапатталған. Ерғалиевтер отбасының жәдігерлері ретінде менің атам Кездікбаев Нұрғалидің әскери билеті, ордені мен медальдары және Жеңістің 45 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне сыйға берілген сағаты, еңбек кітапшасы әлі күнге дейін сақтаулы.

Елімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын! Мен өз атамды, сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерін мақтан тұтамын!

Ерлан Қанапияұлы Ерғалиев,

Математика кафедрасының меңгерушісі,

физика-математика ғылымдарының кандидаты

Қазақ
× You found a Typo