Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ұлы Жеңіске - 75 жыл: Отбасының ғана емес, Отанының да қорғаны бола білді

Жан  әке! Сіз тек қана отбасының қорғаны болған жоқсыз, Сіз Отанымыздың қорғаны болғансыз! Ұлы Жеңістің 75 жылдығы да жақындап қалды. Осы сұрапыл соғысқа біздің әкемізде қатысып, еліне аман-есен оралған.

Тең келмейтін алтын да еш қолдағы,
Өзің едің, әке, үйдің зор бағы.
Жарық  берер а йымыздай көктегі,
Болушы едің жанымыздың қорғаны.   

Имамбайұлы Құрмаш 1917 жылы Үлкен Нарын ауданы Үштөбе ауылында өмірге келді. Қазіргі кезде бұл аудан – Катонқарағай ауданы. Ал  балалық шағы қылқан жапырақты орманды, суы мөлдір, тау бөктерінде сұлу жерде орналасқан Өрнек ауылында өтті.Әкеміз ерте ата-анасынан айырылып, Омар ағасымен әкесінің қарындасы – Зағипа апайының қолында тәрбиеленді. Шыңғыстай орта мектеп-интернатын ойдағыдай жақсы бітіргеннен кейін, Семейдің педагогикалық техникумына түсіп, 1939 жылы оны экстернмен аяқтап, Шыңғыстай орта мектебінің бастауыш кластарының мұғалімі болып орналасады.

 Сол жылы Совет армиясының қатарына шақырылды. Әскери борышты орындау Ұлы Отан соғысымен жалғасты (1941-1945 жж.). Украинаның Казанец – Подольск облысында әскер қатарында жүргенде партия мүшелігіне қабылданды. 1940 жылы Бессарабия жерін румын боярларының езгісінен азат етудегі әскери жорықтарға қатысты. Украинаның Тернополь облысындағы Сборов қала­сында әскери борышты атқарып жүргенде Ұлы Отан соғысы басталды.

Старшина Имамбаев 1-ші, 2-ші Украин, 3-ші Белорус майдандарында А. Нев­ский, А. Суво­ров, М. Кутузов атындағы көпорденді механикаландырылған жеке понтон-көпір батальон құрамында соғысты.

Сұрапыл соғыс жүріп жатқанда, жаудың оғы автомат пен зеңбіректен жаңбырдай құйып, бас көтерткізбей тұрғанда, аспаннан дұшпанның ұшқыштары өткелді үздіксіз бомбылап тұрғанда Днепр, Днестр, Десна, Дон, Еділ, Висла, Одер өзендерінің жағаларын қосатын отыз тонналық понтон көпірін салуға батальон бөлімшесінің командирі, кейіннен взвод командирі Құрмаш Имамбаев батыл бұйрық беріп, әскерлердің қарсы жатқан жағаға жылдамдатып өтіп шығуына жағдай жасап, өз үлесін қосты. Кенигсберг қаласында жеңісті кездестіріп, Берлинге дейін жетті.

Көптеген орден, медальдармен марапатталды. Дон өзенін жедел өтуді қамтамасыз еткені үшін «Ұлы Отан соғысының екінші дәрежелі» орденімен, Днепр өзенін өткендегі ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды. Висла өзенінен өтуді қамтамасыз еткені үшін «За отвагу», Одер өзенін өткеннен кейін ерлігі үшін «За боевые заслуги» медалімен марапатталды. Сталинград, Кенигсберг (Калининград) қалаларын, сол аймақтарды босатуда ерлікпен, жан аямай соғысты, Германияны тізе бүктіруге қатысты, оған дәлел: «За оборону Сталинграда», «За взятие Кенигсберга», «За взятие Берлина», «За победу над Германией», басқа да соғыс кезіндегі ерліктерін мадақтайтын медальдар мен алғыс хаттар.  

Соғыстан кейін отанға сіңірген үздік еңбегі үшін «За трудовое отличие» және т.б. медальдармен марапатталды. Аудан кеңесінің сессияларында, аудан деңгейіндегі жиындарда шаруашылық, мектеп, оқу, тәрбиеге байланысты келелі мәселелерді көтеретін. Ауылдастары мен мектеп ұжымы кездесуге шақырған кезде, әкеміз жақсы киініп, ордендері мен медальдарын тағып, қарастырылатын сұрақтар бойынша сөз сөйлеп, шешілмей тұрған мәселелердің шешімін табатын. Дауысын қатты көтеруді білмейтін, қонақ жайлы, жылы жүзді болатын.

Бүгінгі біздің  барлық жетістіктеріміз – ата-анамыздың  берген тәлім-тәрбиесі, сүйіспеншілігі, махабаттары. Қиыншылықтарға берілмей, барлығымызға жоғары білім алуға мүмкіншілік жасап, өмірде әрқашан  өз жолымызды дұрыс таңдауда бізді қолдап, дем берді. Ал ең маңыздысы –олардың балаларына деген сүйеспеншілігі, қамқорлығы, жүрек жылылуығы, ата-аналық жауапкершілігі, шексіз махаббаты.

А.Қ. Игібаева,  

педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының профессоры, п.ғ.д. 

Қазақ
× You found a Typo