Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ұлықбек Есдәулет ШҚМУ-да қонақта болды

Жазушылар одағының төрағасы, ақын, журналист, еңбек сіңірген қайраткер, мемлекеттік сыйлықтың иегері Ұлықбек Есдәулетпен кездесу өтті.

ШҚМУ-дың әкімшілік ғимаратында Зайсан ауданының тумасы Ұлықбек Оразбайұлымен жанға жылу сыйлайтындай жарқын кездесу өтті. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінде ойып тұрып орын алған жерлестерін тағатсыздана күткен ұстаздар мен студенттер Ұлықбек Оразбайұлының тағылым мен тәрбиеге, рухани байлыққа толы толғаныстарын ден қойып тыңдады.

Кездесу барысында университет ректоры, профессор Төлеген М.Ә. мен қоғам қайраткері, үзеңгілес досы Түсіпхан Түсіпбекұлы сөз сөйледі.   

Түркі әлеміне танымал Ұлықбек аға Жазушылар одағының игі істерін тілге тиек ете отырып, көптеген маңызды тақырыптарды қозғап, жастарға ағалық ақылын айтты.

Өз кезегінде ақынның өлеңдері оқылып, студенттер өз қабілеттерін танытты. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студентті Аян Қалымбек домбырамен Ұлықбек ағаға арналған арнауын айтты.  Жезтаңдай әнші Әсем Қыдырханова ақынның сөзіне жазылған «Құс жолы» әнін жанды дауыста тебіренте орындап берді.

Кеш соңында Ұлықбек Оразбайұлына «Құрметті профессор» атағы беріліп, кеудесіне «Абай» атындағы алтын төсбелгі тағылды.

Нұрланова Талшын,

Күмісжан Исан,
журналистика маманыдығының 1-курс студенттері

http://oskementv.kz/kz/news/society/ulykbek-aga-keshi

Қазақ
× You found a Typo