Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Үндістанның ҚР Елшілігінің Бірінші хатшысы: ШҚМУ-дың жетістігі басқа университеттерге үлгі

Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Бірінші хатшысы, Свами Вивекакананда атындағы мәдениет орталығының директоры Санджай Гарг С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға келді. 

Санджай Гарг мырзамен кездесуді стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Ирина Владимировна Ровнякова өткізді. Ол қонаққа университеттің жұмысы, ғылымды дамыту, соның ішінде тарих және археология, студенттердің археологиялық қазба жұмыстарына қатысуы, білім беру бағдарламалары туралы айтып берді. 

- Бүгінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ 100-ден астам халықаралық университеттермен әріптестік орнатқан- деді И.В. Ровнякова. 

Өз кезегінде Санджай мырза «Үндістанда білім алу» бағдарламасын таныстырып, Шығысқазақстандықтарды Үндістанда білім алуға шақырды. 

-Сіздердің университеттеріңізбен танысқаныма қуаныштымын, сіздер қол жеткізген жетістіктер басқаларға үлгі. Сіздердің өңірдегі археологияның дамуы маған өте қызық, - деді ол. 

Бірінші хатшы Санджай Гарг университеттің Естеліктер кітабында өз тілектерін жазып, қолын қойды, сондай-ақ, естелік сыйлықтар табыстады. 

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo