- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Uni жылжымалы оқу залы наурыз айының 1-31 аралығында (сағ. 9.00-ден 13.00-ге дейін) С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кітапханасында қонақта болады. Оңтайлы трансформер-сөрелерге ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде жазылған заманауи оқу және әдістемелік басылымдар қойылған.
Uni топтамасының маңызды бөлігін ағылшын тілінің оқытушылары мен үйренушілеріне арналған кітаптар, TOEFL, GRE, IELTS сынды халықаралық тілдік емтихандарға дайындайтын оқулықтар мен А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Американдық бұрышының қорынан алынған, бос уақытта оқуға арналған бейімделген бірегей басылымдар құрайды. Көрме қасында Сіздер Американдық бұрыштың мүмкіндіктері мен қоры және облыстық кітапханасының жалпы мүмкіндіктері туралы, студенттер мен оқытушыларға арналған айырбас оқыту бағдарламалары туралы кеңес ала аласыздар.
Тіл меңгерем деген талабы бар баршаңызды С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кітапханасында орналасқан жылжымалы оқу залында (№1 оқу ғимараты, 1 қабат) күтеміз.
Ғылыми кітапхана