Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Университет кафедраларында жаңа тәжірибелік білім беру бағдарламалары әзірленді

16 қазанда университеттің әдістемелік кеңесінің кеңейтілген отырысы аясында кафедраларда әзірленген екі жаңа тәжірибелік білім беру бағдарламалары ұсынылды:

«Химиялық-криминалистикалық сараптама» (5В060600 «Химия» ББП шеңберінде) - химия кафедрасының меңгерушісі Б.К.Шаихованың призентациясы,

«Клиникалық психология» (5В050300 «Психология», 6M050300 «Психология») - Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының доценті С.А.Стельмахтың призентациясы.

Аталған тәжірибелік білім беру бағдарламалары үлкен сұраныста, салааралық сипатқа ие және аймақтық еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлау мәселесін шешуге бағытталған.

Талқылау мен ұсыныстар енгізілгеннен кейін тәжірибелік білім беру бағдарламалары 2018 жылдың қазан айында өтетін университеттің Ғылыми кеңесінде бекітуге ұсынылады.

Еске сала кетейік, соңғы оқу жылының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес университет кафедралары үш бірегей тәжірибелік білім беру бағдарламаларын әзірлеп, іске асырды: Сандық гуманитаристика, Компьютерлік мехатроника, Сауықтыру дене мәдениеті.

Әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo