Университеттің студенттері мен оқытушылары “Эпиграф”( http://res.epigraph.kz/) баспасының Электронды кітапханасына кіру мүмкіндігін алды.
Электронды кітапханада Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына арналған 3000-нан астам оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың атауы жинақталған. Ұсынылған басылымдардың көбі бестселлер болып табылады. Оқулықтардың жиынтығы түрлі түсті суреттермен бірге есептегенде 700 мың беттен тұрады және жыл сайын 500-ден 800-ге дейін атаулармен жаңартылып отырады. Бұл оқулықтар мен оқу құралдары қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.
Баршаңызды кітапхананың оқу залдарында тіркеліп, жинақтармен кез-келген жерден, кез-келген құрылғы арқылы пайдалану құқығына ие болуға шақырамыз!
Ғылыми кітапхана