Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Университет кітапханасында ШҚУ ғалымдары еңбектерінің «Жаңа кітаптар әлемі» көрме-тұсаукесері ашылды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасы «Жаңа кітаптар әлемі» көрме-тұсаукесерін ашты, онда университет оқытушыларының жаңа оқу әдебиеттері (оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар) ұсынылды.

Ғылыми кітапхана студенттерді, магистранттарды, қызметкерлер мен оқытушыларды көрме-тұсаукесерге шақырады.

Көрме кітапхананың ғылыми оқу залында жұмыс істейді (№1 оқу ғимараты, 229 кабинет).

Көрмеге ШҚУ ғалымдарының еңбектері – монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, конференция жинақтары қойылған.

Көрмеге Алматы қаласы «Эверо» баспасында басылып шыққан оқытушылардың монографиялары мен оқу құралдары қойылған:

Бияров Бердібек Нұралдаұлы. Өр Алтайдың жер-су аттары / Б.Н. Бияров. – Алматы: Эверо, 2019. – 192 бет.;

Монографияда бұрын тарихи-лингвистикалық және этно-лингвистикалық аспектілерде зерттелмеген 2000-нан астам топонимдер жинақталған. Ғылыми басылым филология факультетінің студенттеріне, аспиранттарға, мектеп оқушыларына және өлкетанушыларға арналған.

Игібаев Советқан Қабдуәліұлы. Қазақстан тарихының тарихнамасы: оқулық / С.К. Игібаев; ҚР Білім және ғылым министрлігі. – [Бас. 2-ші, қосымша.]. – Алматы: Эверо, 2019. – 404 Б.

Оқулықта Қазақстан тарихының өзекті мәселелері тарихи аспектіде қарастырылады. Оқулықтағы материалдың тұсаукесері отандық тарихтың негізгі бөлімдері бойынша орналасқан:

1 бөлім. Ежелгі дәуірдегі және орта ғасырдағы Қазақстан халықтары мен оған іргелес аумақтар тарихының тарихнамасы; 2 бөлім. Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихының тарихнамасы; 3 бөлім. Қазіргі Қазақстан тарихының тарихнамасы.

Оқулық жоғары оқу орнының студенттеріне, магистранттарға, оқытушы-тарихшыларға, сондай-ақ Қазақстан тарихына қызығушылық танытқандарға арналған.

Баймолданова Л.С. Физика тарихы: оқу құралы / Л.С. Баймолданова; ҚР Білім және ғылым министрлігі. – Алматы: Эверо, 2019. – 212 бет.;

Оқу бағдарламасына сәйкес физика тарихы бойынша оқу құралы. Оқулықта физиканың ерте кезеңнен бергі даму материалдары – Аристотель, Әл-Фараби, Әл-Бируни, Ньютон, Фарадейден бүгінгі күнге дейін жинақталған. Тесттер, тарихи сипаттағы тапсырмалар, физиканың даму тарихы туралы материалдар. Оқу құралы «Физика», «Физика және математика», «Физика және информатика» мамандықтарының студенттеріне арналған.

Бакишев А.К. Функциянның графигін түрлендіру мен салу: оқу-әдістемелік құрал / А.К. Бакишев, З.З. Сатпаева, Е.К. Ерғалиев; ҚР Білім және ғылым министрлігі. – Алматы: Эверо, 2019. – 80 бет.;

Оқу-әдістемелік құрал «Математика» мамандығының студенттеріне, оқытушыларға және функциялардың графигін құру әдістемесін өз бетінше үйренетіндерге арналған.

Қадырова, А.С. WEB-технологиялар негіздері: оқу әдістемелік құралы / А.С. Қадырова, М. Шошак; ҚР Білім және ғылым министрлігі. – Алматы: Эверо, 2019. – 132 бет.

WEB-технология негіздері: оқу-әдістемелік құрал 3 бөлімнен тұрады: 1 бөлім – HTML көмегімен WEB беттерді құру; 2 бөлім – FRONT PAGE бағдарламасы; 3 бөлім – бағдарламалау тілдері.

Әр бөлім теориялық материалдан, зертханалық жұмыстан және тәуелсіз тапсырмадан тұрады. Оқу құралы студенттерге, информатика мұғалімдеріне, мектеп оқушыларына арналған.

Оқулықтардың электронды нұсқаларымен «РУХАНИЯТ» электронды кітапханасы сайтынан таныса аласыздар.

ШҚУ Ғылыми кітапханасы сізге үйден шықпай-ақ жұмыс істеуге мүмкіндік беруге қуанышты!

Л. Ершова,

Ғылыми кітапхананың бас кітапханашысы

 

Қазақ
× You found a Typo