Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Университет оқытушыларына арналған семинар-презентация өтті

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің әдістемелік апталығы аясында компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының доценті Әлия Нұғыманова «Introduction to Scientific Research and Technologies Transfer» оқу құралының презентация-семинарын өткізді.

№7 оқу ғимаратының №219 дәрісханасында өткен семинарда Ә. Нұғыманова магистранттардың ғылыми жұмысын дамытуға арналған ағылшын тіліндегі өз оқу құралын ұсынып, оның құрылымы, негізгі тараулары мен олардың ерекшеліктері, ғылыми зерттеудің негізгі кезеңдері, тиімді үлгілері, қорытынды жасау туралы мәліметтер көрсетті.

Семинарға Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті деканының оқу-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары, оқытушылары, магистранттары, студенттері қатысты. Қатысушылар зерттеу жүргізу бойынша практикалық тапсырмалар орындап, үйренген дағдылары бойынша өз «шешімдер ағашын» құруға тырысты.

Деканның орынбасары кафедра доцентіне алғыс жариялап, үштілділік кезеңінде әдістемелік құралдың ағылшын тілінде шығарылғаны өзекті екенін атап өтті. Қатысушылар сұрақтар қойып, дәріскер барлығына толық жауап берді.

Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo