Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Университет оқытушысы философия, мәдениеттану және саясаттану пәндерін ағылшын тілінде оқытады

С. Аманжолов атындағы ШҚУ Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы А.Т. Жиренованың ашық сабағы өтті.

Көптілділік бағдарламасы бойынша оқитын 2 курс студенттеріне арналған "Философия" пәні бойынша дәріс онлайн режимінде ағылшын тілінде болды.

Сабақта дәріс-презентация, ақпараттық дәріс форматтары қолданылды, оқытушы power-презентация бағдарламаларын, сауалнама-тест жүргізу үшін play-kahoot қолданды.

Оқытушы А.Т. Жирнова үшінші жыл гуманитарлық цикл пәндерін – философия, мәдениеттану және саясаттануды ағылшын тілінде жүргізеді.

Студенттер мен оқытушылар үшін бұл қазіргі көптілді ортада білім мен коммуникация дағдыларын дамыту үшін тамаша мүмкіндік.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo