Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Университет ректорының З.Самашевпен кездесуі

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлегеннің қазақcтандық және әлемдік археологияның аңыз адамы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Платиналық Тарлан» атты жалпы ұлттық тәуелсіз жүлденің лауреаты, атақты Берел қорғандарын алғаш ашып, дүниежүзіне танымал еткен және біздің университеттің түлегі, тарих ғылымының докторы Зейнолла Самашевпен кездесуі өтті.

Біздің университет мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді түрде қатысып, республикалық және аймақтық деңгейде ғылыми жобаларды ұсынып отырғандықтан, М.Төлеген мен З.Самашевтің кездесуі бұл бағдарлама жұмысына жаңа іргелі және ғылыми ұсыныстар беретіндігі сөзсіз.

Ректор кездесу барысында археология саласындағы ғылыми – зерттеу жұмыстарының даму бағдарламасымен байланысты мәселелерге кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, археологиялық экспедицияларды материалды – техникалық жағынан жабдықтау, мәдени мұра мұражайын құру, көп салалы қалпына келтіру зертхана мен Мәдени мұра институтын (Археология институты) құрудағы басымдылықтарға ерекше тоқталды. М.Төлеген университеттің ғылыми – білім беру кеңістігі, соның ішінде химиялық және физикалық зертханалары бұл салада басымды және маңызды міндеттерді қоюға мүмкіндік беретіндігін атап өтті. Сонымен қатар, кездесуде облыста археолог, этнограф, реставратор сияқты мамандардың жетіспеушілігін шешу мақсатында Әкім бөлетін гранттар есебінен студенттер санын көбейту қажеттілігіне байланысты мәселелер де қарастырылды.

З.Самашевпен кездесудің нәтижесінде Санкт – Петербург мемлекеттік университетімен ғылыми – білім беру байланыстар орнатып, келісім-шартқа отыру, З.Самашев пен оның әріптесі Ә.Төлеубаевтың университет қабырғасында ашық дәрістер мен шеберлік кластарын өткізу және «Жас археолог» мектебінің жұмысын қалпына келтіру мәселелері қолға алынатын болды.

М.Төлеген мен З.Самашев Берелде археологтардың Халықаралық симпозиумын өткізу мәселелері мен университеттің Мәдени мұра мұражайын жәдігерлермен толықтыру мақсатында жеке археологиялық экспедиция жұмысын ұйымдастыру мүмкіндіктерін де қарастырды.

Кездесуге Қазақстан тарихы және ӘГП кафедрасының меңгерушісі А.Жанбосинова, «Алтайтану» ғылыми – зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Е.Кариев қатысты.

Кездесу соңында университет ректоры М.Төлеген Зейнолла Самашевқа естелікті сыйлық беріп, ізгі тілектер тіледі. Өз кезегінде З.Самашев ректорға алғыс білдірді және университеттің болашақта үлкен жетістіктерге жетуіне тілектестігін білдірді.

Қазақстан тарихы және әлеуметтік -гуманитарлық пәндер кафедрасы

ФИЛОЛОГИЯ, ТАРИХ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

Қазақ
× You found a Typo