Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Университетімізде дүбірлі ақындар айтысы өтті

Ұлыстың ұлы күнін ұлықтап, Алаш Орда 100 жылдығын ұмытпай, теңдікпен тұрақтылықты келелі сөзбен кестелеген өнер бәйгесіне Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері мен университет түлектері қатысты.

Сөз қадірін өз қадірім деп түсінетін бұл додалы айтыстың әділ бағасын берер әділ қазылар мүшелері  ф. ғ. к, профессор, аға оқытушы  Сләмбек  Қалибекұлы, «Ақиық ақындар» орталығының жетекшісі Гүлнұр Бұлқашын және «Шабыт ақындар» орталығының жетекшісі Қызырбек Дүркінбайұлы сынды қазылар төрағалық етті.

Айтыстың көркін қыздырар дода жүйріктері  Тілек Мұрат, Аян Қалымбек, Естай Жанабай, Жұлдызай Маратбекова, Елдос Досжан, Айзат Серік және университет түлегі Қуаныш Еркін қатысты.

Доданың екінші кезеңінде Тасқын мен Жұлдызайдың айтысы биік деңгейде өтті. Қыз бен жігіт айтысының нағыз классикалық үлгісін көрсетті. Университет түлегі Қуанышта өзінің суырып салма сөз зергері екенінін танытып, әдемі әзілімен тыңдармандардың ықыласына бөленді.  

Кіл жүйріктің арасынан ең үздігін анықтауда онай болмады. Дегенмен сайыстын аты сайыс. Бас бәйгені «Журналистика» мамандығының 2 курс студенті Тасқын Болатұлы қанжығаға байлады. Ал екінші орынды Еркін Қуаныш пен Айзат Серік иеленсе, үшінші орынды Жұлдызай Маратбекова мен Аян Қалымбек жүлделі орындарды жеңіп алды.

- Мен құрбы-құрдас, аға-әпкелеріммен айтысқанда оларды қарсыласым демеймін жалпыласым деп айтамын. Өйткені бұл ақындармен жанымыз егіз. Ал бұл додада Қуаныш және Жұлдызаймен айтыстым. Екеуіде тегеурінді қарсылас. Соңғы сәтке дейін кім жеңерін білген жоқпын. Ол екеуі де бірінші орынға лайық. Үлкенге құрмет, кішіге ізет демекші Қуаныш маған жолын бергендей болды, - дейді бас жүлде иегері Тасқын Болатұлы.

Мөлдір Самалханова

Қазақ
× You found a Typo