Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Университетте «Латын графикасы - ұлттық жаңғырудың жарқын болашағы» тақырыбына облыстық ғылыми-практикалық семинар өтті

 5-қазанда С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Латын графикасы-ұлттық жаңғырудың жарқын болашағы» тақырыбына облыстық ғылыми-практикалық семинар өтті.

Семинарда ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ШҚ лингвистикалық орталығының директоры Ботабаева Айнұр Дүйсенбайқызы, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, ШҚМУ профессоры Картаева Айжан Маратбекқызы. ШҚМУ «Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығының жетекшісі Қалелова Мария Жалмханқызы, филология ғылымдарының кандидаты, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті Бияров Бердібек Нұролдаұлы, филология ғылымдарының кандидаты, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті Айтмұқашова Аида Айтмұқашовна, «Филология» мамандығының 1 курс магистранты Тойғабылова Айжан мазмұнды баяндамалар жасады. Баяндамашылар латын графикасына көшудің көкейтесті мәселелерін тілге тиек етті.

Соңында қызу пікірталас тудырған баяндамаларда латын әліпбиіне көшудің қажеттілігі мен оның ұлт болашағы, келер ұрпақ үшін маңыздылығы атап көрсетіліп, латын әліпбиіне қатысты ұсынылған жобалар назарға ұсынылып,қазақ жазуының тарихына, түркі халықтарының латын әліпбиіне көшу тәжірибесіне шолу жасалды.

Семинар модераторы филология ғылымдарының кандидаты, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті Әлімхан Айгүл Әсетқызы барлык семинарға қатысушыларды белсенділіктері  үшін алғыс айта отырып, латын графикасына көшуге қатысты шаралар университетте алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап көрсетті.

 «Тіл әлемі» көптілдік білім беру орталығы

Қазақ
× You found a Typo