Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Университетте практикадағы жаңашылдықты талқылады

27 қазан күні  әдістемелік жұмыс, практика және жұмысқа орналастыру бөлімі, психология, педагогика және мәдениет факультетінің педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасымен бірге  университеттің барлық кафедраларының іс-тәжірибе жетекшілерін диалогтық алаңға  біріктірді.

Қатысушылар университетің білім алушыларының үздіксіз педагогикалық іс-тәжірибесінің жаңа мақсаттары мен мазмұнын  талқыланды.

Диалог алаңының Модераторы педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының доценты, п.ғ.к. Т.В.Паньшина «Білім беру» дайындау бағыты бойынша әр түрлі мамандықтарына арналған педагогикалық іс-тәжірибе бағдарламаларының мазмұна шолу өткізді.Ол үздіксіз педагогикалық іс-тәжірибе кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға ықпал етеді, деп атап өтті, сондықтан теориялық дайындық деңгейі қазіргі заманғы мектептің талабына сәйкес болуы  тиісті.

Мектеп білім беру ортасының жаңа шарттары, оқытудың білім беру мазмұны, формалары мен әдістерін жаңарту, оқушылардың білім сапасын арттыру үшін сұранысы болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін және кәсіби қызметін жүзеге асыруға дайындығының  жоғарлауын  талап етеді.Педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., Н.Н. Радченко өз сөзінде - «Кәсіби іс-тәжірибе оқудың барлық кезеңін қамтиды, студенттердің болашақ мамандығына бейімделуіне және олардың кәсіби сәйкестігін объективті бағалауға мүмкіндік береді» деп атап өтті.

Педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, үздіксіз педагогикалық іс-тәжірибе жетекшісі Г.М. Раченкова, біздің университетте педагогикалық мамандықтарына арналған  үздіксіз педагогикалық іс-тәжірибе бағдарламасының мазмұнын және ұйымдастыру мәселелерін айқындады. Педагогикалық іс-тәжірибе мазмұнының қалыптастыру принциптері және  студенттердің іс-тәжірибе өту барысындағы іс әрекеттерін басқару принциптері,  диалог алаңының қатысушыларыңың  қызығушылығын  арттырды.

Әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімінің кәсіби іс-тәжірибе жетекшісі Ж.Т.Токаева, диалогтық алаңында қатысушылардың назарын 2016-2017 оқу жылында кәсіптік іс-тәжірибесін  ұйымдастыру мен өткiзу жұмыстарын қадағалайтын  нормативтік құжаттырының  мазмұнына  тоқталды. Сонымен қатар педагогикалық іс-тәжірибесінің педагогикалық мамандықтарының оқу жұмыс кестелерінде жоспарлау ерекшеліктерін атап өтті. 

Диалог  алаңының  қатысушылары бірқатар мәселелер көтерді, соның ішінде электрондық құжат айналымының енгізу, жоғарғы оқу орындарына түсу кезеңінде педагогикалық мамандықтар студенттері бойынша  электронды деректер базасын қалыптастыру, қалалық білім бөлімі деңгейінде университет студенттерін педагогикалық іс-тәжірибесін өтту үшін, қалалық мектептері міндетті түрде қабылдауы туралы.

Әдістемелік жұмыс, практика және жұмысқа орналастыру бөлімі

 

Қазақ
× You found a Typo