ШҚМУ-да «ШҚМУ қашықтықтан білім беру технологиялары» атты YouTube арнасы жұмыс істейді (https://www.youtube.com/channel/UC_CL9r7u5samJISkKDSi55w).
Арна мақсаты – ШҚМУ қашықтан оқыту пайдаланушыларына арналған нұсқаулық бейнероликтерді, сондай-ақ «С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ПОҚ видеотекасын орналастыру.
Ағымдағы оқу жылында университет оқытушылары ШҚМУ электронды оқу ресурстары және қашықтан оқыту зертханасымен бірге оқу бейнематериалын әзірлеу, жазу, құрастыру жұмысы, сондай-ақ оны «ШҚМУ қашықтан білім беру технологиялары» YouTube арнасында орналастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Арна білім беру процесіне қатысушылар арасында өте танымал, бейнедәрістердің саны 3 мыңнан астам, бейнедәрістерге сілтемелерді көру жалпыға қолжетімді.
Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаменті