Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Университетте ШҚМУ мен «Азия Авто» АҚ арасындағы ғылыми-өндірістік байланысты нығайтуға арналған дөңгелек үстел өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен «Азия Авто» АҚ арасындағы ғылыми-өндірістік байланысты нығайту» дөңгелек үстелі университеттің №7 оқу ғимаратындағы жаңадан ашылған Robolab роботты техникалық зертханасында өтті.

ЖОО мен ірі автомобиль кәсіпорны ынтымақтастығының мәселелерін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор, заң ғылымының кандидаты, PhD докторы, ҚР Педагогикалық ғылым академиясының академигі Мұхтар Төлеген мен «Азия Авто» АҚ бас директоры Ерік Сағымбаев талқылады.

Серіктестік қарым-қатынастар мәселелерін «Бипек Авто Қазақстан» АҚ модельдеу және әзірлеу бөлімінің басшысы Анатолий Седченко, «Бипек Авто Қазақстан» АҚ CRM директоры  Андрей Иванов, «Азия Авто» АҚ бас директорының орынбасары Сергей Екимов қарастырды.

Оқу орны тарапынан ЖҒжТФ деканы, техника ғылымының кандидаты Мұратқан Мадияров, КМжАТ кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымының кандидаты Жеңіскүл Жантасова, ҰПҰҒЗ меңгерушісі, PhD докторы Максим Сутула, ЦТжМЗ меңгерушісі, PhD докторы Әлия Нұғыманова, ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімінің басшысы, PhD докторы Мәди Әбілев және басқалар қатысты. 

Дөңгелек үстелде ШҚМУ ғалымдарының баяндамалары оқылды.

Семинарда тараптар ШҚМУ мен «Азия Авто» АҚ арасындағы әріптестікті жалғастыру туралы уағдаласты.

Кездесу қорытындысы бойынша ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарланды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo