Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Университетте ШҚМУ мен ҚАЕУ оқытушыларына арналған семинар-тренинг болып өтті

Біліктілікті бекіту орталығында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ және Қазақстан-Американдық еркін университетінің профессорлық-оқытушылар құрамына арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы пәндерді оқытудың теориялық және әдістемелік аспектілері» семинар-тренингі өтті.

Семинар-тренингті«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ Білім беру сапасы мен басқару кафедрасының меңгерушісі Сейлхан Айгүл Қауатайқызы жүргізді.

Семинардың мақсаты – жаңартылған білім мазмұнын кезең-кезеңмен енгізу барысын жүйелеу, оқу бағдарламаларының ерекшеліктерімен таныстыру, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.

Білім беру стандартының жаңалықтары, оқу жоспарының мазмұны, бағалау үлгісі және оқу материалдарын жаңарту сияқты тың мәселелер ортаға салынып, қатысушылар арасында қызу талқы тудырды.

Кері байланыс қорытындысы бойынша мұғалімдер семинардың практикалық маңыздылығын атап, іс-шараларды аталған форматта өткізу ұсыныстарын білдірді.

Семинар-тренингтің соңында тыңдаушыларға сертификат табысталды.

Біліктілікті бекіту орталығы

Қазақ
× You found a Typo