Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Университеттің академиялық кеңесінің сәуір айындағы отырысы өтті

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да академиялық кеңестің кезекті онлайн отырысы өтіп, бес мәселе қаралды.

Отырысты Академиялық кеңестің төрағасы, академиялық мәселелер жөніндегі проректордың м.а., қауымдастырылған профессор Д. Ерболатұлы ашып, қашықтан оқыту жағдайында оқу процесінің сапасын қамтамасыз етудің, ұлттық біліктілік тестілеуіне, алдағы емтихан сессиясына, білім беру бағдарламаларының республикалық рейтингіне, білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізудің, білім беру бағдарламаларының реестріне енгізу үшін оларды уақтылы дайындаудың маңызын атап өтті.

Университет академиялық кеңесінің күн тәртібіне сәйкес бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

«2020-2025 жылдарға арналған Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына (БҒДМБ) және университеттің 2020-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес академиялық қызмет нәтижелері туралы» ақпаратпен академиялық мәселелер жөніндегі проректордың м.а. Досым Ерболатұлы баяндама жасады. Баяндамашы университеттің кафедраларымен және ПОҚ-мен, бөлімдерімен бірлескен жұмыс нәтижесінде, сондай-ақ БҒДМБ-на мен университеттің даму бағдарламасына сәйкес академиялық қызметтің жоғары нәтижелерінің ізашары ретінде өткізілген әдістемелік семинарлар мен вебинарлар, оқыту курстары өткізілгенін атап өтті.

Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің деканы, т.ғ.к. Ә. Өскембай, Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы, т.ғ.к. М.Н. Мадияров, Педагогика, психология және мәдениет факультетінің деканы, м.ғ.к. Г.Б. Куленова «4 курс білім алушыларын ұлттық біліктілік тестілеуге дайындау барысы туралы» баяндамаларын таныстырды.

«Білім беру бағдарламаларын аккредиттеуге дайындық туралы» Математика кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.к. Е.К. Ерғалиев, Экология және география кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д. К.Ж. Дакиева, Химия кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Б.К. Шаихова, Биология кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к. А.К. Кітапбаева, Физика кафедрасының меңгерушісі фс.ғ.к. Г.С. Бектасова, Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к. А.С. Рамазанова, Қаржы және есеп кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к. А.А. Апышева, Экономика және басқару кафедрасының меңгерушісі, PhD М.А. Ордабаева баяндамаларын ұсынды.

«Білім беру бағдарламаларының рейтинг көрсеткіштерін жақсарту бойынша жоспарды жүзеге асыру нәтижелері туралы» мәселе бойынша Педагогика, психология және мәдениет факультетінің деканы, м.ғ.к. Г.Б. Куленова, Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің деканы, т.ғ.к. Ә. Өскембай баяндама жасады.

«Әр түрлі» бөлімінде А.К. Алипованың «Білім беру бағдарламаларының реестріне өзгерістер енгізу туралы», БББӘҚ бөлімінің бастығы С.С. Оразованың «2021-2022 оқу жылына арналған пәндер бойынша оқу бағдарламаларын бекіту туралы», сондай-ақ университеттің академиялық кеңесінің сараптамалық комиссиясының төрағасы А.Ә. Әлімханның «ОӘӘ баспаға ұсыну туралы» ақпараттары тыңдалды.

Академиялық кеңес жұмысының қорытындысы бойынша оның мүшелері талқыланған мәселелер мен қашықтан оқыту жағдайында аралық аттестаттауды тиімді ұйымдастыру бойынша нақты ұсыныстар берді.

Білім беру бағдаоламаларын

әдістемелік қолдау бөлімі

 

Қазақ
× You found a Typo