Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Университеттің академиялық саясатына толықтырулар мен өзгертулер енгізілді

«С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ академиялық саясатына толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің академиялық саясатында жаңа терминдер пайда болды: асинхронды оқыту, геймификация, жаппай ашық онлайн-курс (ЖАОК), төңкерілген оқыту, синхронды оқыту, оқытуды басқару жүйесі (LMS), сандық білім беру ресурстары, білім беру порталы.

Академиялық саясатта қашықтықтан оқытудың аралас модельдерін: синхронды немесе асинхронды оқыту, онлайн немесе офлайн, аралас, баламалы форматтарды (вебинарлар түріндегі дәрістер немесе оқытушылар бұрын жазған дәрістерге қол жеткізуді ұсыну; кестеге сәйкес семинарлар кезінде тапсырмаларды қашықтықтан орындау формасында семинар сабақтарын өткізу) және т.б. пайдалануға жол берілетіні жазылған.

Білім беру бағдарламаларын игеру үшін студенттер жетекші университеттердің немесе ШҚУ пайдаланатын танымал білім беру платформаларының онлайн курстарын таңдай алады.

Оқыту модельдері ұсынылған:

1. Офлайн оқыту моделі – оны пайдалану кезінде желіден ажыратылған бағдарламалық жасақтама арқылы оқыту, қашықтықтан оқыту процесінің екі немесе одан да көп қатысушыларының нақты уақыт режимінде емес, кейбір уақыт аралығында өзара әрекеттесуі.

2. Синхронды (бір мезгілде) оқыту моделі оқытушының бекітілген кестеге сәйкес Skype, Microsoft Teams арқылы академиялық топ (лек) үшін бейнеконференция немесе вебинар ұйымдастыру арқылы іске асырылады. Білім алушылар міндетті түрде осы іс-шараға қосылады және оған белсенді қатысады.

3. Асинхронды оқыту моделі (әр түрлі уақытта) Open edX, Coursera және басқа білім беру платформаларын, LMS Moodle, электрондық корпоративтік поштаны пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі.

ШҚУ-да қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін: eUniver білім беру порталы (http://euniver.vkgu.kz) және қашықтықтан оқыту порталы (http://edu.vkgu.kz/) қолданылады.

Бейне дәрістерді көру үшін жеке кабинетте (YouTube арқылы) жүктеу немесе қарау функциясы қолжетімді болуы тиіс.

Онлайн дәрістер мен онлайн-практикалық сабақтар Big blue button, ZOOM және т.б. платформалар арқылы өткізілуі мүмкін.

Кейбір жағдайларда, Интернеттің жылдамдығы өте төмен болған кезде, Интернет жұмысындағы іркілістер кезінде оқытушыларға (оқытушыға) электрондық поштаны немесе мессенджерлерді пайдалана отырып дәрістер/тапсырмалар жіберуге жол беріледі.

Білім беру порталында білім алушылармен «offline» режимінде (оқытушыларға хабарлама жіберу, чат, форум арқылы), сондай-ақ «online» режимінде – BigBlueButton, ZOOM, мессенджерлер (Whatsapp) арқылы аудио-және бейнеконференция өткізуге арналған платформаны қолдана отырып кері байланыс қамтамасыз етіледі.

Университет білім алушылар мен оқытушылардың электрондық ресурстарға (кітапхананың электрондық каталогына, білім беру және ғылыми ресурстарға пайдалы сілтемелерге) қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo