Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Университеттің әдістемелік кеңесі мүшелері өзекті мәселелерді талқылады

20 ақпанында оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, б.ғ.д. Мырзағалиева Анар Базарқызының төрағалығымен университеттің әдістемелік кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Әдістемелік кеңестің мүшелері университеттің білім беру қызметін әдістемелік қамтамасыз етудің сапалы ұйымдастырылуына қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Атап айтқанда «2018 жылға элективті пәндер каталогын қалыптастыру рәсімі» мәселесі бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау бөлімінің меңгерушісі м.а. Сәдірбекова Назым Әлібекқызы баяндады. Қатысушылардың назарын элективті пәндер каталогын қалыптастыру кезінде туындайтын негізгі мәселелерге аударып, кафедра меңгерушілері ескеретін ұсыныстар айтты.

Жаңа оқу жылынан бастап мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» атты бағдарламалық мақаласында ұсынған басымдықтарды іске асыру шеңберінде университет ректоры Төлеген М.Ә. бастамасымен «Қоғамдық сананы модернизациялау» жаңа пәні университеттің барлық мамандықтарына енгізілетін болады.

«ОЖСБ тестілік тапсырмаларды қалыптастырудың жаңа тәсілдері туралы» тақырыпты химия кафедрасының оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Оразова Сән Советбековна тарқатып берді. Нәтижесінде әдістемелік кеңестің мүшелері жаңа талаптарға сәйкес ОЖСБ-ға дайындыққа көшуді, жұмыс тобын құруды, мұғалімдер мен студенттерге арналған тренингтік семинарлар мен мастер-класстарды қоса алғанда, іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы шешім қабылдады.

Болашақта жаңа талаптарды ескере отырып жеке пәндерге ОЖСБ форматы бойынша емтихандарды енгізу қажеттігі ескерілді.

«Кәсіпкерлік негіздері» пәнін оқыту туралы ақпаратпен экономика және құқық факультеті деканының орынбасары Рахметова Әлия Қанатқызы бөлісті.

Әлия Қанатқызы уақыттың талаптарын ескере отырып, аталған пәнді енгізу қажеттігін атап өтті

«Кәсіпкерлік негіздері» пәні элективті пән ретінде барлық мамандықтар бойынша жұмыс оқу жоспарларының жалпы білім беру міндетті модуліне енгізу туралы шешім қабылданды.

Талқылау барысында Анар Базарқызы бұл пән ең алдымен тәжірибелік құзыреттілікті дамыту керек екенін, сондай-ақ университеттің әлеуетін, атап айтқанда, қолданыстағы материалдық-техникалық базасын пайдалану қажет екенін атап өтті.

2018 жылдың қаңтарынан бастап ЖОО білім берудің мазмұнын жаңарту бойынша сараптамалық топтар құрылды.

Олардың бірі - «Білім берудің жаңартылған мазмұны аясында университеттегі заманауи педагогикалық технологиялар».

Оның жетекшісі - дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының оқытушысы - Малахова Елена Анатольевна әдістемелік кеңестің мүшелерін сарапшылар тобының жұмыс жоспарымен таныстырды, негізгі міндеттер мен мәселелерді айтты.

Білім берудің жаңартылған мазмұны аясында университетте заманауи педагогикалық технологияларды енгізу мәселесін семинарларда, дөңгелек үстел өткізу барысында талқылап, болашақта осы сала бойынша әдістемелік ұсынымдар жиынтығын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта университеттің маңызды міндеттерінің бірі жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу болып табылады.

Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы, пс.ғ.к., Тюлюпергенева Раушан Жомартовна - университеттің ғылыми кеңесінде «Динамикалық дене шынықтыру» тәжірибелік білім беру бағдарламасын қарастыру туралы ұсыныс жасады.

«Адаптивтік дене шынықтыру және массаж» тәжірибелік білім беру бағдарламасының бұрынғы бөліміне қатысты республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігі ұсынған ұсынымдарды жүзеге асыру барысында кафедраның жасаған жұмысы туралы әңгімелеп берді

«Динамикалық дене шынықтыру» тәжірибелік білім беру бағдарламасын университеттің ғылыми кеңесінде қарастырылуға ұсынылды.

Университеттің әдістемелік кеңесінің сараптау комитеті төрағасы Әлімхан Айгүл Әсетқызы оқу-әдістемелік әдебиеттерді басып шығару туралы ұсыныс жасады.

Ол екі оқулықты жариялауды ұсынды, оның біреуі «Биологиялық пәндерде пайдаланылатын ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі» - авторлары: б.ғ.к., доцент А.А. Китаппаева, биология магистрлері Ж.Қ. Қабатаева, А.С. Жанасбаева және НИМ оқытушысы А.Н.Тұнғұшпаева) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әзірленген, ол университетте үштілді оқытуды дамыту шеңберінде өте маңызды.

Қорытындылай келе университеттің әдістемелік кеңесінің барлық мүшелері талқыланған мәселелердің өзектілігін және атқарылған жұмыстардың жемісті болғанын атап өтті.

ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС, ІС-ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ БӨЛІМІ

 

 

Қазақ
× You found a Typo