- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
31 тамызда университетте «Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығының жетекшісі мен қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы оқытушыларының қатысуымен үштілді білім беруді дамыту мәселелері жөнінде жұмыс отырысы болды.
Отырыста «2015-2020 жылдарға арналған үш тілді білім беруді дамытудың Жол картасын» жүзеге асырудың негізгі міндеттері, әлемдік стандарт (CEFR) негізінде ағылшын, қазақ, орыс тілдерін оқытудың деңгейлік жүйесін енгізу, университетте Бірыңғай тілдік стандарт-әлемдік стандартқа сәйкес ағылшын, қазақ, орыс тілдерінің тілдік портфелін жасап, қолданысқа енгізу, тілдік деңгейді анықтауға арналған бірыңғай тест құрастырып, оны өткізу және басқа мәселелер талқыланды.
Отырысқа қатысушылар CEFR негізінде аталмыш тілдерді оқытудың деңгейлік жүйесі бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, оқу бағдарламаларын жетілдіру жоспарын межеледі.