- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беруде, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Сондықтан ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Жылда жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Ұстаздар күні де күздің үлесіне тиіпті. Осыған орай педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының ұжымы мерекелік көрме ұйымдастырды.
«Іс-тәжірибеде құзыреттілікті дамыту» көрмесіне студенттеріміздің іс-тәжірибедегі қызықты сәттері бейнеленген фотосуреттер, «Әлем балалардың көзімен» атты көрмеге балалардың шығармашылық жұмыстары ілінді.
Барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!
Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасы