- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Шөлдеген адамға бір жұтым су берген адам, жұмаққа барады дейді. Ал, ұстаздар бізді өмірлік нәрмен сусындап келеді. Осындай атаулы күнде барша ұстаздар қауымын жеке мерекелерімен құттықтай отырып, оқу ордамызда өткен "Ұстаз аты-биік,әрі мәңгілік" атты кешіміз жайлы сөз етсек. Кеш өте жоғары деңгейде өтті. Әрбір адамның көзге көрінер-көрінбес еңбегі байқалып тұрды. Саxнаның безендірілуі, көрсетілген қызметтер бәрі жақсы ойластырылған. Мың бұрала билеген бишілер, жез таңдай әнші, күйшілер кештің сәнің келтірді. Ордамыз жүзден жүйрік жастарға, өнерлі талант иелеріне толы екеніне тағы да көз жеткіздік. Бүгінгі кештегі көңілді ойындар,айтылған жылы сөздер, құттықтаулар бәрі-бәрі ұстаздарға арналады! Сіздерге деген кешіміз, сыйлығымыз ұнады деген сенімдеміз! Жастар ісі жөніндегі комитет хатшысы Илияс Інжу («қазақ тілі және әдебиет» мамандығының 1 курс студенті)/