«Шығыс» өңірлік орталығы компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасымен бірге «Үздік информатика пәні мұғалімі» байқауын өткізді.
Байқау роботты техника саласындағы оқытушылардың кәсіби-шығармашылық деңгейін арттыру мақсатында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Ұстазым мақтанышым» кіші жобасы аясында өткізілді.
Конкурстың мақсаты – информатиканы оқытудағы инновациялық тәсілдерді қолдау, роботты техника саласын оқыту әдістерін тарату.
Мұғалімдер информатиканы оқытудың жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жобаларын көрсетті.
Байқауда облыс мектептерінің информатика мұғалімдері «Инновациялық жоба», «Робот үлгісі» номинациялары бойынша жарысқа түсті.
Компьютерлік үлгілеу және