С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіндегі «Үздік пост» сайысының жеңімпаздары анықталды.
Оқу орнымыздың @amanzholov_university инстаграмм парақшасында «Сағындым оқу ордамды» үздік пост сайысы жарияланған болатын. Студенттер 26 қазан – 5 қараша аралығында өз инстаграмм парақшаларына неліктен ЖОО таңдау сәті түскен кезде ШҚУ-ды таңдағандары, университет қабырғасында өткен қызықты студенттік өмірлері, жетістіктері туралы жазып, «Сағындым оқу ордамды» тақырыбымен пост салу керек болды. Сайыс ережесі бойынша постың астына достарын көрсетіп, #сағындымоқуордамды #2020 #ВКУ #ШҚУ #AU хештегтерін белгілеу болған.
Сайыс қорытындысы бойынша «Үздік пост» номинациясына «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Ақерке Дарханқызы, «Креативті пост» номинациясына «Математика-физика» мамандығының 3 курс студенті Бақыт Чадаева, «Үздік төл туынды» номинациясына «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Аяулым Әмір ие болды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі