Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

VII республикалық ғылыми-практикалық конференция қарар қабылдаумен аяқталды

С.Аманжолов атындағы ШҚУа студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың «Білім-ғылым-бизнес» интеграциясы: өзекті мәселелері мен болашағы» атты VII республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында қарар қабылдады.

«БІЛІМ-ҒЫЛЫМ-БИЗНЕС» ИНТЕРГАЦИЯСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ» атты жас ғалымдардың VII Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының

ҚАРАРЫ

2021 жылғы 12 сәуірде «С.Аманжолов атындағы ШҚУ» КЕАҚ «Білім-ғылым-бизнес» интергациясы: өзекті мәселелері мен болашағы» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ, университеттің жас ғалымдар Кеңесі.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Білім-ғылым-бизнес» интергациясы: өзекті мәселелері мен болашағы» атты студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдардың VII Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында пленарлық және төмендегі секциялық отырыстар өткізілді:

  • «Математика, физика және ақпараттық технологиялар саласындағы зерттеулер»;
  • «Жаратылыстану ғылымдары және экология саласындағы зерттеулер»;
  • «Психология және педагогика саласындағы зерттеулер»;
  • «Тарих, философия, саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы зерттеулер;
  • «Экономика, мемлекеттік басқару және құқық саласындағы зерттеулер;
  • «Филология және журналистика саласындағы зерттеулер»;
  • «Музыка, мәдениет және спорт саласындағы зерттеулер»

Конференция жұмысына 200-ден астам жас ғалымдар Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Талдықорған және басқа қалалардың жоғары оқу орындарынан онлайн режимде қатысты.

Конференцияға қатысушылар білім беру – ғылым – бизнес интеграциясының түрлі салалардағы мәселелері мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ студенттерді практикалық оқыту, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мәселелері қаралды.

Осы міндеттерді іске асыру өндіріске ғылым инновацияларын енгізу негізінде республика экономикасының барлық салалары мен секторларында өндірісті дамытудың инновациялық үрдістерін қамтамасыз етуге қабілетті бәсекеге қабілетті кәсіби кадрларды даярлау жүйесімен тығыз байланысты.

Конференцияға қатысушылар білім, ғылым және бизнестің өзара байланысын дамыту үшін білім беру ұйымдарының негізгі міндеттері болып табылады деп санайды:

- әріптестіктің мынадай қағидаттарын іске асыру: - тараптардың шарттық қатынастарға қатысуға мүдделілік қағидатын; ынтымақтастық қағидатын; әлеуметтік әріптестікке қатысушылардың тең құқылығы және тең жауапкершілігі қағидатын; тараптар міндеттемелерінің нақтылық қағидатын; тараптардың ұжымдық шарттар мен келісімдерді міндетті түрде орындау қағидатын жүзеге асыру;

- білім беру мәселелерін шешуге бизнес-қоғамдастықтардың белсенді қатысуы, кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін шешуде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру;

-инновациялық білім беру бағдарламаларын ашу, біліктілікті арттыру және оқу-өндірістік және зерттеу практикаларын ұйымдастыру үшін, сондай-ақ ғылыми-зерттеулерді коммерцияландыру және өңір кәсіпорындарына енгізу арқылы өндіріс проблемаларын шешу үшін университеттің бейінді кәсіптік білім беру ұйымдарымен және өндірістік кәсіпорындармен әріптестік байланыстарды кеңейту;

- бизнес салаларынан серіктестерді тарту арқылы білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру және оқу процесін ұйымдастыру, білім сапасын бақылау үшін жұмыс берушілермен диалог алаңдарын ұйымдастыру;

- бизнес-серіктестердің заманауи технологиялық базаны ұсына отырып, студенттерді практикалық оқытуға, білім беру мекемелеріндегі өндірістік қызметті дамытуға, өндіріспен интеграциялау арқылы оқу-өндірістік кешендер құруға қатысуы;

- мамандарды даярлау құрылымы мен көлемінің өңірлік экономиканың қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін еңбек нарығын бірлесіп зерделеу;

- өндіріс салаларында кәсіби тәжірибесі бар мамандарды университеттің оқу үрдісіне тарту;

-оқу процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, университеттің материалдық-техникалық базасын дамыту үшін жұмыс берушілер арқылы қосымша қаражат тарту, білім беру процесіне араластыру;

- «ғылым-өндіріс» жүйесінің құрылымын көрсететін студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың ғылыммен және шығармашылықпен айналысуға деген ынтасын арттыру;

- университеттердің әлеуметтік әріптестік субъектілері ретінде жұмыс берушілермен өзара ынтымақтастығын мынадай нысандарда іске асыру: - кәсіпкерлердің өтінімдері бойынша мамандар даярлау, студенттер мен магистранттарға фирмалар мен кәсіпорындар қызметіне байланысты мамандану бойынша қосымша білім беру; университеттерде өткізілетін іс-шараларға жұмыс берушілерді шақыру, студенттерді болашақта жұмысқа орналасу орындарына өндірістік практикаға жіберу.

Конференцияға қатысушылар мынаған назар аударады:

Жергілікті жерлердегі атқарушы билік органдарының, бизнес, кәсіптік білім, ғылым арасындағы әріптестік жүйесін дамытуға және жастарды интеграциялық процестерге белсенді тартуға жәрдемдесу қажеттілігі.

Атқарушы билік органдарының келесі қажеттілігіктерге назар аударуы:

- бизнес өкілдерін - кадрларды кәсіби даярлауды бірлесіп қаржыландыруға, университеттердің материалдық-техникалық базасын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыруға ынталандыру бойынша жұмыстар жүргізу;

- маман дайындау бойынша кәсіпорындардың тапсырысын қалыптастыруды ұйымдастыру;

- өңірлік еңбек нарығын дамыту үшін интеграция процестерінің тиімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту, білім, ғылым және бизнестің (өндірістің) өзара байланысын ұйымдастырушылықты қолдауды қамтамасыз ету.

Жұмыс берушілер, бизнес-қоғамдастықтарына конференцияға қатысушылар келесі мәселеге назар аударуға шақырады:

- маман даярлау бойынша кәсіпорындардың тапсырысын қалыптастыру;

- еңбек нарығын бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерін шешуде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру;

- бизнес қауымдастықтың білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, элективті курстар, шеберлік сыныптары, өндіріс бейіні бойынша оқу өндірістік практикаларын ұйымдастыру бойынша жоғары оқу орындарымен серіктестік байланыстарды кеңейту;

- университет ғылыми зертханаларының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жәрдемдесу;

- ҒЗЖ бойынша конкурстар, семинарлар, ғылыми және өзге де іс-шараларды бірлесіп өткізуде болашақ мамандардың имиджін қалыптастыру және қолдау бойынша университеттермен тиімді серіктестік жүйесін белсенді түрде дамыту.

Университеттер, колледждер назар аударатын жәйт:

- университеттермен бірлескен іс-шаралар өткізу және ғылыми конкурстарға, семинарларға, вебинарларға, ғылыми және өзге де кәсіптік бағдарлау іс-шараларына қатысу арқылы мамандықтар мен кәсіптердің имиджін қалыптастыру және дамыту;

- бизнес-қоғамдастықтар мен жұмыс берушілерді университет қызметінің инновациялық бағыттарымен және нысандарымен таныстыру жұмысын ұйымдастыру және дамыту;

-университеттердің ғылыми-әдістемелік және ресурстық қамтамасыз етілуін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

- профессорлық оқытушық құрам біліктілігін арттыру және ЖОО, колледж қызметкерлері ғылыми тағылымдамасын өткізу.

Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, қатысушыларға, ұйымдастырушылар мен С.Аманжолов атындағы ШҚУ жас ғалымдар кеңесіне білім, ғылым және бизнес интеграциясының тәжірибесін, проблемалары мен перспективаларын талқылауға мүмкіндік бергені үшін ризашылықтарын білдіреді.

Конференцияға қатысушылар экономиканың өңірлік даму проблемаларын практикалық шешу үшін одан әрі ынтымақтастық, пікір және ақпарат алмасу мақсатында білім, ғылым және бизнес байланысын жұмыс берушілер және бизнес салаларының өкілдерімен интеграциялау бойынша жылына кемінде бір рет конференция ретінде өткізуді орынды деп санайды.

Қарарды конференцияға қатысушылар 2021 жылғы 12 сәуірде мақұлдады.

Қазақ
× You found a Typo