Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттеріне арналған онлайн кураторлық сағат өтті.
Онлайн кураторлық сағатты Педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының оқытушысы Фариза Серікбекқызы Кенжебекова өткізді.
Кураторлық сағат «Тұңғыш Президентіміз – Н.Ә.Назарбаев» тақырыбындағы викторина түрінде өтті.
Сонымен қатар, Елбасының өмір жолын сипаттайтын бейнефильм көрсетілді, сондай-ақ Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың балалық шағы, жастық шағы, отбасы және сіңірген еңбегі туралы әңгіме жүргізілді.
Баспасөз қызметі