Вроцлав ғылым және технология университетінің белгілі PhD докторы Leszek Latsk (Вроцлав қ., Польша) қыркүйектің 1-нен 5-іне дейін Инженерия және техология кафедрасындағы материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығының 2-4 курс студенттеріне арнап дәріс оқыды.
Студенттер «Дәнекерлеу технологиясындағы жаңалықтар», «Жабындының механикалық қасиеттері», «Жабындының трибологиялық қасиеттері», «Жабынды-микроқұрылымдардың сипаттамасы, химиялық және фазалық құрамы» шолу дәрістерін тыңдап үлгерді.
Доктордың дәрістері жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде оқылып, тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды, сондай-ақ, студенттермен тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.
Поляк ғалымы тағы бір апта бойы студенттеге білім беретін болады.
Баспасөз қызметі