Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«WELCOME-CENTER» жұмысы аясында Моңғолиядан келген шетел студенттерімен қорытынды дөңгелек үстел өтті

11 мамырында «WELCOME-CENTER» жұмысы аясында Моңғолиядан келген шетел студенттерімен қорытынды дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстел мақсаты оқу жылын қорытындылау және белсенді студенттерді марапаттау.  Ұйымдастырушы ХЫБ инспекторы Нұрлыбекова Мейірім және ХЫБ маманы Маратова Аида.

 «Музыкалық білім беру», «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «Қазақ тілі және әдебиеті», «Қаржы» және т.б. мамандықтарының студенттері қатысты.

Іс-шарамыз барысында студенттер өздерінің жетістіктері жайында баяндады және университеттің Моңғолиядан келген абитуриеттерге арналған білім беру бағдарламаларына қызығушылық танытты. Соңынан студенттер оқу жылында алған әсерлерімен, университетке арнаған тілектерімен бөлісті. 1 курс студенті Тілеген Айтолхын : : «Кездесу өте жағымды және жанға жайлы өтті. Бізге бірінші оқу жылынан бастап қолдау көрсеткендеріңіз үшін барлығына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Рахмет!».

Барлық студенттер университетке түсіп,оның бір бөлігі болуға бірегей мүмкіндігін атап өтті және көрсетілген қолдау үшін, осындай іс –шараларды ұйымдастырғаны үшін университет әкімшілігіне алғыстарын білдірді.

Қорытындылағанда, іс-шарамыз жақсы дәрежеде өтті. Соңында ең белсенді студенттер университет әкімшілігі тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Қазақ
× You found a Typo