Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«WELCOME» Халықаралық ұйымы өз жұмысын бастады

Бүгін, яғни қазан айының жиырма алтыншы жұлдызы күні оқу ордамызда Батырбай Әбілxайырдың жетекшілігімен құрылған Халықаралық ұйымның тұсаукесері өтті.

Бұлай дейтін себебіміз, университет тариxында бұндай ұйымның болуы алғашқы рет. Ұйымның алға қойған мақсаты айқын, қадамы нық. Ұйымда жастарымыз шет елден келген студенттерімізбен ашық, әрі тығыз байланыста жұмыс істейтін болады. Және де тіл жаттықтыруға, өзге тілді үйренуге үлкен мүмкіндік туады. Алда келе жатқан іс-шараларға белсене араласып, шет елден келген достарымыздың да өнерлерін барша қауымға паш етеді.

Ал, бүгінгі жиынға тоқталып кететін болсақ. Бүгінгі жиналысқа Жастар ісі жөніндегі ұйымның төрағасы әрі Халықаралық ұйымның жетекшісі Батырбай Әбілxайыр, тәрбие ісі жөніндегі маман Айтуғанова Ә.Н. және Халықаралық бөлімнің мүшесі Нұрлыбекова Мейірім қатысты.

Ұйымның алғаш шымылдығын ашқан бұл кісілер шет елден келген студенттерімізді оқу ордамыздың тариxымен, ережесімен, алда болатын жоспарлармен таныстырып, әртүрлі ұйымдарға белсене араласуға шақырды. Әрине студенттерімізде өз ойларың айтып, көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Осы орайда айтып кететін болсақ, бүгінгі жиналыста бізге аударма жасауға университетіміздің белсенді жастары көмектесті.

Олар қазақ тілі мен әдебиет мамандығының 1 курс студенті Қадылбек Ақмарал, қытай тілінен аударма жасаса, бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 1 курс студенті Амантай Айдана орыс тілінен аударма жасады!

Бүгінгі алғашқы жиналысымыз жан-жақты ақпараттарға толы болды. Келген қонақтарымызға және ұйым мүшелеріне алғыс айтамыз. Осы халықаралық ұйымымыздың тариxы ұзақ болады деген сенімдеміз! Бір шаңырақ астында, баршамыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, белсенді өмір сүрейік.

Алғашқы қадамымыз құтты болсын!

И. Інжу, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының, 1 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo