- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында еліміздің 1991 жылы қабылдаған ең үздік шешімдерінің бірі – ядролық қарудан бас тартқаны туралы айтылды.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі басышысының міндетін атқарушы Бақдәулет Анас сөз бастап, Қазақстан атом қаруынсыз саясатты таңдай отырып, халықаралық аренадағы беделін арттыра түскенін баяндады.
Жастар ісі жөніндегі комитеті төрағасы Әбубәкір Марлен де баяндама жасап, жастармен тақырып төңірегінде сұхбаттасты, ой қозғады. «Шамшырақ» шығармашыл жастар ұйымының жетекшісі Айбота Шанжың мен Замира Жаңабаева еліміздің ядролық қарудан қалай арылғанын әсерлі әңгімеледі.
Бүгінде Қазақстан – ядролық қаруға қарсы күрестің әлем мойындаған көшбасшысы. Еліміз бейбіт болашақ үшін ірі ядролық державаның жаппай қырып жою қаруынан бас тартудың айшықты үлгісін көрсетті.
Жастар ісі жөніндегі комитет,
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлім