- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
STAR-NET Бас Ассамблеясының 2016 жылдың 29 сәуірдегі шешімі бойынша Қазақстан Республикасындағы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (ШҚМУ) «Ядролық технология саласының білім беру және мамандар дайындау (STAR-NET)» өңірлік желісінің 13-ші мүшесі болды.
«Ядролық технология саласының білім беру және мамандар дайындау (STAR-NET)» өңірлік желісі халықаралық қатысушылар бірлестіктерінің Австриялық заңына сәйкес бірлестік ретінде 2015 жылдың қыркүйек айында құрылған.
STAR-NET өңірлік желісінің мақсаты – ядролық білім беруді дамыту, басқару және сақтау болып табылады. Сонымен қатар қатысушы елдердің ядролық саласындағы білікті адами ресурстарын қамтамасыз ету.
STAR-NET желісінің қызметіне білім беру (бакалавр, магистратура және PhD мамандықтары) және оқыту кіреді (біліктілікті арттыру, біліктілікті бекіту, қайта даярлау). Сонымен қатар ядролық ғылым, технология және менеджмент бағыттарындағы оқу-әдістемелік, зерттеу, ғылыми техникалық жобаларын басқару.
Қазіргі уақытта STAR-NET желісі алты елдің (Ресей Федерациясы, Әзірбайжан, Армения, Беларус, Украина, Қазақстан) 13 жоғары оқу орындары біріктіреді. ШҚМУ STAR-NET өңірлік желінің қазақстандық екінші мүшесі болды.
Құттықтаймыз!
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі