Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Ынтымағы жарасқан туған елім – Қазақстан» кураторлық сағаты өтті

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының» 2 «А» тобы ф.ғ.к., доцент А.Қ. Сейпутанованың жетекшілігімен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Ынтымағы жарасқан туған елім – Қазақстан!» атты кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағат мақсаты – «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстана ұстана отырып, елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығын нығайтуға, мемлекетіміздің болашақ өркендеуіне, ілгері дамуына  өз үлесімізді қосу.

Шарада мемлекетіміздегі ұлттар бірлігі тақырыбы жайында бейнематериал көрсетіліп, студенттер мақал-мәтелдер айтудан сайысқа түсіп, патриоттық рухтағы өлеңдерді жатқа оқып, Қазақстанда тұрып жатқан халықтар достығы жайында тарих белестерінен сыр шертіп, дәлелді деректерімен де бөлісті.

Кураторлық сағаттың тағылымдық, танымдық мәнінің зор болғандығын студенттердің аса қызығушылықпен белсене атсалысқаны айқын аңғартты.

А. Сейпутанова

Қазақ
× You found a Typo