Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жақында студенттердің демалу аумағы пайда болады

Өскемен қаласында Студенттер қалашығының жанында, Комендантка өзенінің бойын қайта жөндеуден өткізу жұмыстарының арқасында жаңа демалу аумағы пайда болады.

Біраз уақыт аббаттандыру жұмыстары жүргізілмеген Комендантка өзенінің бойы, жөндеу жұмыстарынан соң қаламызға қайталанбас әсемдік сыйлайды. Бұл жерде ата-аналар балаларымен, студенттер бос уақыттарын өткізе алады. Күн жылы кездері бұл жерді көгалдандырамыз, ағаштар отырғызып, жарықтандыру мәселесін шешеміз, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Сонымен қатар, аталған демалу аумағында амфитеатр, жаяу жүргіншілер көпірлері, спорт алаңдары, веложолдар салынады. Ал, қыс мезгілінде қар қалашығы тұрғызылады.

Келесі жылы «Нұрлы Жол» монументі орнатылған саябақ ашылады.

ШҚО ақпараттық орталығының берген мәліметіне сәйкес, 5 га жер телімінде демалу аумағында балалар ойын алаңдары, спорт алаңдары, шағын сәулет формалары, орындықтарпайда болады, 500-ге жуық ағаш отырғызылып, саябақтың қақ ортаасында «Нұрлы Жол» монументі орын тебеді.

- Бізде еліміздің жарқын болашағын бейнелейтін керемет жаңа саябақ ашылады, жобасы маған ұнады, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов нысан барған кезінде.

Аталған саябақ қаланың сол жақ жағалауында орналасатын болады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo