Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жамбыл атындағы мектеп-интернаттың бітіруші түлектеріне кәсіптік бағдар берілді

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы кәсіптік бағдар беру мақсатында Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың жоғары сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен онлайн кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында кафедра меңгерушісі С.Т. Қасенов өзі білім алған мектеп ордасының шәкірттерін кафедра құрылымы мен әлеуеті жайлы таныстырса, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенттері Әйгерім Әлібекова мен Айым Бейсенғазықызы әлеуметтік жеңілдіктер мен мамандық таңдаудағы өзіндік көзқарастарымен бөлісті.

Сондай-ақ, білім беру бағдарламаларының мақсаты мен міндеті, студенттердің жетістіктері туралы ақпарат берілді.

А.Сапанова,

 Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының аға оқытушысы

Қазақ
× You found a Typo