Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Жамбыл Жабаев мұрасы және қазақ руханияты» атты республикалық конференция өтті

Жамбылдың 175 жылдығына арналған «Жамбыл Жабаев мұрасы және қазақ руханияты» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын С.Аманжолов атындағы ШҚУ мен Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат бірігіп өткізді.

Конференцияның негізгі мақсаты – халықтың рухани өмірінен мəңгілік орын алған ұлы ақынды дəріптеу, оның жақсылығының шарапатын насихаттау, жастарға үлгі ету. Жамбыл поэзиясы – ұрпақтың мəңгілік мұрасы. Өйткені, Жамбыл жырлары – елін сүйген ұлы жүректен туған шынайы туындылар.

Конференцияға жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттар, «Өрлеу» БАҰО» АҚ БАИ мамандары, орта білім беру ұйымдарының басшылары және педагогтары (тарих және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдері), әдіскерлер қатысты.

Конференцияда С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, ф.ғ.д., А.М. Картаева, І. Жансүгіров атындағы Жетісу  университетінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. С.Қ. Қожағұлов, Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Л.Н. Дәуренбекова,  Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Б.С. Сарбасов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті ф.ғ.к. А.Е. Айтбаева, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м., халықаралық тренер М.А. Орманова, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Ғылыми кітапханасының кітапханашысы Р.А. Төлеуханова баяндама жасады.  

Халық ақыны, жыраулық өнердің шебері, айтыскер Жамбыл Жабаевтың өмірі мен қазақ поэзиясындағы өшпес мұрасын және қазақ руханиятындағы орнын дәріптеу, кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында өткен конференцияның мазмұны терең, берер тағылымы мол болды.  

«Абайтану» ғылыми-зерттеу институты

Қазақ
× You found a Typo