Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы талқыланды

23 қазан күні Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы студенттердің «Сана» ғылыми үйірмесінің кезекті отырысы өткізіліп, 1-4-курс студенттері арасында «100 жаңа оқулық» жобасы  талқыланды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылып отырған аталмыш жоба бойынша әлемнің ең үздік 100 оқулығы қазақ тілінде аударылуда. «Сана» үйірмесінің жетекшісі ф.ғ.к., ШҚМУ доценті А.А.Айтмұқашова филология, әлеуметтану, психология, мәдениеттану, экономика, философия салалары бойынша шыққан оқулықтармен таныстырып, жобаның түпкілікті мақсаты, ерекшеліктері туралы атап өтті.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., ШҚМУ профессоры А.М.Картаева «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының студенттерге беретін мүмкіндіктері, жобаның негізгі аспектілерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Ал филология ғылымына қатысты оқулықтар туралы ф.ғ.к., ШҚМУ доценті Б.Н.Бияров өзінің пікірін білдірді.

«100 жаңа оқулық» жобасы туралы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттері Толымханова Гафура, Бақытжол Гулина, Қайратқызы Айым; ал мамандық студенттері пайдаланатын В.Фромкин, Р.Родман, Н.Хайамстың «Тіл біліміне кіріспе» оқулығы туралы Алдаберген Құралай, Ілияс Інжу, Талап Бұлбұлхан; С.Тер-Минасованың Тіл және мәдениетаралық комммуникация» оқулығы жайлы Қабимолданова Еңлік, Орманбек Эльмира, Зайнелов Данияр баяндама жасап, өз пікірлерін ортаға салды.

Ал гуманитарлық бағыттағы басқа да оқулықтар жөнінде «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері Багитова Айсұлу, Серікова Назерке өз ойларымен бөлісті.

«100 жаңа оқулық» жобасының студенттердің заман талабаны сай дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілер негізінде білім алуға мүмкіндік беретін жоба екені аталып өтті.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo