Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Жаңа көзқарас» бейне жобасының көрсетілімінің тұсаукесері өтті

А.С. Пушкин атындағы кітапханада ШҚМУ-мен бірлесіп, облыстық офтальмологиялық орталық үшін арнайы дайындалған «Жаңа көзқарас» бейне фильмінің көрсетілімінің тұсаукесері өтті. Аталған көрсетілім барысында ШҚМУ студенттері мақтау қағаздарымен марапатталды.
25 желтоқсан күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың медиатекасында Көшбасшылар клубы, Жастар ісі жөніндегі комитет және баспасөз қызметі бірлесіп жасаған «Жаңа көқарас» жобасының көрсетілімінің тұсаукесері өтті.
Сценарий авторы, режиссер және қоюшы оператор «журналистика» мамандығының 1 курс студенті Алишер Мишелев, рөлдерде ШҚМУ студенттері.
Көрермендердің айтуы бойынша, фильм көз жанарында ақауы бар кішкентай қыз туралы және офтальмология орталығы дәрігерлерінің мәселені шешудегі рөлі көрсетіледі. Сюжет бойынша сценарий авторы қысқа метражды толық фильм жасаған.
Тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі жұмыс бөлімінің маманы А.Н. Айтуғанова фильмнің сәтті шығуына үлес қосқан барша студенттерді мақтау қағаздарымен марапаттады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo