Елбасының Жарлығына сай Домбыра күні шілденің алғашқы жексенбісінде аталатын болады. Биыл ол 1 шілдеге сәйкес келіп отыр.
Қазақтың ең танымал музыкалық аспабы – домбыра – әлем өркениетіне қосылған ұлы құндылық. Қызықты бір жайт, 2010 жылы Қытайда 10 мыңнан астам домбырашы «Кеңес» күйін орындағаннан кейін домбыра Гиннестің рекордтар кітабына енген-ді. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» дейді халық. ШҚМУ музыкалық білім кафедрасында да домбыраға деген ықылас ерекше. Бұл аспапта тек музыкант-студенттер ғана емес, басқа мамандықтың студенттері де шебер ойнайды. ЖОО-дағы бірде-бір концерт, музыкалық байқау домбырасыз өтпейді, студенттер арасындағы айтыс та жиі ұйымдастырылып тұрады.
Баспасөз қызметі