ШҚМУ-да 2018-2019 оқу жылында шетелдік серіктес ЖОО-лармен қосарлы диплом бағдарламасы басталады.
Бағдарлама 1 қыркүйектен енгізіледі.
Жаңа оқу жылында мына мамандықтарда ағылшын тілінде оқыту топтары ашылады: 5В011100 – «Информатика», 5В011000 – «Физика», 5В011200 – «Химия», 5В011300 – «Биология».
31 қазанға дейін жаңа мамандықтарды ашу, тәжірибелік білім бағдарламаларын әзірлеу аяқталады.
Сондай-ақ, ЖОО білім бағдарламаларының мазмұнын ұлттық басымдықтарға сай жаңарту, оқытушыларды және білім алушыларды «Тіл әлемі» орталығы арқылы кезең-кезеңмен үздіксіз тілдік дайындау жалғасады.
Бұл шешімдерді Ғылыми кеңес қабылдап отыр.
Баспасөз қызметі